Эротические рассказы

Қолданбалы химия. Роза РыскалиеваЧитать онлайн книгу.

Қолданбалы химия - Роза Рыскалиева


Скачать книгу
жұмыс істеген зертхананың қысқартылған атауы болатын. Нитинолға кез келген қалып беруге болады, мысалы спираль пішінін беріп оны қысқа уақытты қыздыру арқылы тұрақтандыруға болады. Тіпті нитинолды суық қалыптауға ұшыратса да, ол алғашқы бастапқы пішінін сақтайды. Қыздырған кезде бұйым өзінің спираль пішініне қайта келеді. Нитинол әлі кең қолданыс тапқан жоқ. Бірақ оны ғарыш кемелеріне антенналар ретінде және ғарыштағы басқа да құрылғылардың жұмысы үшін, оларға қарқынды күн сәулелері әсер еткенде алдын ала берілген пішінге айналатын құрылғылар ретінде қолданыс табады деп болжам жасалуда. Пішіннің есте сақтауының деформациялануға жоғары қабілеттілігімен және жемірілуге төзімділігімен үйлесімділігі нитинолды хирургия тәжірибесінде имплантат ретінде қолдануға жол ашты. Қорытпалардың жоғары серпімділік және пішінді есте сақтау әсері 1948 жылы академик Г.В.Курдюмовпен ұсынылған еді («Курдюмов әсері»).

      ЖОҒАРЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР НЕГІЗІНДЕГІ МАТЕРИАЛДАР

      Барлық металл емес материалдарды екі топқа бөледі – органикалық және бейорганикалық. Бұл екі топтың әрқайсысын табиғи және синтетикалық (жасанды) материалдарға бөледі. Органикалық материалдар тобында екеуі де полимерлер болып табылады, яғни жоғарымолекулалы қосылыстар болады.

      Табиғи органикалық материалдардың ішінде ағаш материалы ең маңыздысы болып табылады. Оны тұтыну болатты тұтынудан айтарлықтай жоғары (1 млрд. астам) болып келеді. Құрғақ ағаш материалы 40-50 % тізбекті полимер – целлюлозадан, 25 % жоғары тұтқырлықты сұйықтық – лигниннен тұрады. Целлюлозаның әрбір молекуласы оттек атомдарымен байланысқан глюкозаның 5000 сақинасынан тұрады. Целлюлоза молекулаларынан түтікті сүйектердің қабырғаларының негізін құрайтын талшықтар түзіледі. Ағашты өңдеудің негігі тәсілі – дәстүрлі түрде полиматериалдарды жасаумен байланысты болған. Ағаштың бір бөлігі қағаз өнеркәсібінде техникалық целлюлозаны алуға (80 %) немесе химиялық талшық (20 %) алуға жұмсалады. Бірақ химия және химиялық өнеркәсіптің дамуы ағаш материал алудың дәстүрлі тәсілдерін өзгертті. Мысалы, ағаш-жоңқалық және ағаш-талшықты плиталарды жасау фенол- және мочевина-формальдегидті шайырларды кең қолдану арқасында мүмкін болды. Тек қана жиһаз өндірісінде ағаш-жоңқалы плиталарды әлемдік тұтынудың орташа деңгейі қазіргі күнде 50 % құрайды. Өнімнің қалған бөлігі құрылыс өнеркәсібіне кетеді. Ағаш материалды аммиакпен өңдеу оны иілгіш етеді, одан әртүрлі пішіндерді жасауға болады.

      Органикалық текті табиғи материалдарға ағаштан басқа битумдар мен шайырларды жатқызуға болады, олар жемірілуге қарсы заттар ретінде қолданылады. Ағаштың целлюлозалық құрамдастарын ферменттеу глюкозаны және басқа да химиялық құнды өнімдер мен материалдарды алуға жол ашады.

      Синтетикалық полимерлі материалдардың маңызды түрлеріне пластмасса, эластомерлер, химиялық талшықтар мен полимерлі жабындылар жатады.

      Қазіргі уақытта өндірілетін пластмассалардың 50 шақты түрінің ішінде ⅔ термопластар


Скачать книгу
Яндекс.Метрика