Эротические рассказы

Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау. Назгүл ДaлaбaевaЧитать онлайн книгу.

Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау - Назгүл Дaлaбaевa


Скачать книгу
қоғамының мүшесі. Женева Академиясында білім алып, Оксфордта кейіннен Лондонда тұрған. Ғылыми еңбегі физика мен химияның эксперименттік әдістерін негіздеуге бағытталған. 1662 жылы қысымның өзгеруіне сәйкес газдың көлемінің өзгеру заңын ашқан (Бойль-Мориот заңы).

      Негізгі еңбегін химияның қалыптасуына жұмасаған. Металдарды өртеу, жану, ағашты құрғақ айдау, тұздар, қышқылдар мен негіздердің үдерістерін эксперименттік салмақтық зерделеу нәтижесінде денелердің құрамын талдау және элемент ұғымдарын енгізді. «Химик-скептик» (Күмәншіл химик) атты кітабында элементтерге алғаш қарапайым дене ретінде анықтама берген (1661). Алғаш рет индикаторларды қышқылдар мен негіздерді айқындауға қолданған. Әйгілі табиғат танушы Ф. Энгельстің айтуынша: «Бойль химияны ғылымға айналдырды».

      Шееле Карл Вильгельм (1742-1786). Швед химимгі, Корольдік Ғылым Академиясының мүшесі. Гетеборгта, Мальмеде, Стагольмде, Упсалада т.б қалаларда дәріханада жұмыс істеген. Еңбектері химияның көптеген салаларын қамтиды. Ол ғажап экспериментатор болған. Фторсутекті ашып, фосфор, хлор, марганец, барий оксидтерін алған (1768-1774). Марганец металын ашқан (1808), мышьяксутек пен мышьякты қышқылды ашқан. Молибден, вольфрам оксидтерін алған. Органикалық шараптас, сүт, цианур, бензой қышқылдарын, сірке, бензой т.б қышқылдардың этилэфирлерін алған. Сарықан тұзынан көгерткіш қышқылды бөлген. Эфирлерді алудың тәсілдерін ұсынып, «эфир» терминінің анықтамасын берген. Алғаш рет лимон, алма, пирогал қышқылдарын бөлудің тәсілдерін жазып кеткен (1784-1786). Көптеген минералдарды зерттеген. Оның құрметіне бір минералды «шеелит» деп атаған.

      Пристли Джозеф (1733-1804). Ағылшын химигі, философ, Лондон Корольдік қоғамының мүшесі. Уоррингтондағы Академия профессоры, Лидс, Бирмингем т.б қалаларда тұрған. Газ туралы және пневматикалық химия негізін қалаған. Алғаш рет хлор сутек, азот, шала оксидін алып, аммиакты ашқан (1772). Сынап оксидін қыздырып, таза оттек алған. Күкірт және азот қышқылдарының қосылуынан туатын, кейін нитрозилкүкірт қышқылы деп аталған күрделі қышқылды алған. Дербес күйде фторсутек, күкіртті газ бен көміртек оксидін бөліп алған (1775-1779).

      1.2 Қышқылдар мен негіздер біздің айналамызда

      Қышқылдар мен негіздермен күнделікті соқтығысып отырамыз. Жауын-шашынның суы бір қарағанда таза, құрамында қоспалары жоқ сияқты көрінеді. Негізінде оның құрамында біраз заттар еріген. Мысалы, атмосферадан көмірқышқыл газының еруі есебінен ол көмірқышқылының әлсіз ерітіндісі болып табылады. Осы әлсіз қышқылды ерітінді жерге түсіп, жәймен оның құрамындағы кальций мен магнийдің сульфаттарын және карбонаттарын ерітеді. Сондықтан да өзен, көл, бұлақ сулары кермекті болады.

      Жазда найзағайдан кейін жауын-шашын суының құрамында азот қышқылы да болады. Ол ауа найзағайдың плазмалық бауының айналасында жануы кезінде түзілетін азот оксидтерінен алынады. Азот оксидтері сонымен қатар ұшақтардың (зымырандардың) реактивті қозғалтқыштарымен жұмыс кезінде, күн сәулесінің радиациясы әсерінен де түзіледі, бірақ олардың


Скачать книгу
Яндекс.Метрика