Эротические рассказы

Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау. Назгүл ДaлaбaевaЧитать онлайн книгу.

Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау - Назгүл Дaлaбaевa


Скачать книгу
беріп, жаймен бөлінеді. Түзілген ерітіндіні балқытқыш қышқыл деп атайды. Ол әлсіз диссоциацияланады.

      Бұл құмның негізгі бөлігі – кремнийдің (IV) оксидін жеңіл ерітетін жалғыз қышқыл:

SiO2 + 4HF = SiF4↑ + 2H2O

      Бөтелке шынысының құрамында кремний оксидінің бірталай мөлшері болатындықтан, балқытқыш қышқылды шыны немесе керамика ыдыстарда емес, полиэтиленді немесе полихлорвинилды ыдыстарда сақтау керек. Егер тәжірибесі жоқ химик осы қышқылды шыны құтыға құйып, оны реактивтер тұратын сөреге қойса не болатынын елестету қиын емес. Құтының төменгі бөлігі желініп, қышқыл сөреге төгіледі де басқа реактивтермен араласып, үлкен қиындық туғызады.

      Балқытқыш қышқылдың келесі бір ерекшелігі – ол ешқандай да тотықсыздандырғыш қасиет көрсетпейді, себебі фторид-ионды ешқандай реагент тотықтыра алмайды. Сондықтан да балқытқыш қышқыл мен сұйық фторсутекті өте күшті тотықтырғыш ерітінділерін дайындау үшін қолданады, олардың көмегімен кейбір элементтерді олардың жоғары тотығу дәрежелеріне дейін тотықтыруға болады. Мысалы алтынды криптон (II) фторидімен HF ортасында тотықтыру арқылы, кристалдық күйдегі AuF5-ті алған, мұнда алтын +5 тотығу дәрежесін көрсетеді. Шамамен осы жолмен мырыш (IV) фториді ZnF4 мен рубидий (IV) гексафторкупраты Rb2[CuF6] бөліп алынды, мұнда мыс пен мырыштың тотығу дәрежелері +4-ке тең.

      Балқытқыш қышқыл электрхимиялық кернеу қатарындағы сутекке дейін орналасқан металдарды жақсы ерітеді. Бірақ мұнда да өзінің ерекшеліктері бар. Кейбір металдардың фторидтері (Ni, Fe, Cu) суда және балқытқыш қышқылда ерімейді. Металды берік қабатпен қаптап, олар оның қышқылмен әрекеттесіп кетуінің алдын алады. Осы себептен хлорсутекті никель, мыс және болатпен қапталған ыдыста сақтауға және алуға болады. Тек қана оны емес, таза фтор немесе фторидтердің қабаттарын да аталған металдар фтор әсерінен қорғайды.

      Балқытқыш қышқыл тірі ағзаларға күшті әсер етеді. Оның буларын иіскегенде, мұрынның шырышты қабаттарын күйдіреді. Теріде ауру жаралары түзіледі. Ол әсіресе сүйекті, тісті, тырнақты тез бұзады. Жұмыс мекемелеріндегі оның мүмкін болатын буларының шегі 0,005 г/м3.

      Балқытқыш қышқылдың улылығын зиянды жәндіктермен және микроағзалармен күресу үшін қолданады. Мысалы, ағашты ерігіш қышқылмен және оның тұздарымен сіңдіреді. Бұл ағаш бұйымдарды көптеген шабуылдардан сенімді қорғайды, мысалы ағашты аққұмырсқалардың жеуінен қорғайды.

      Балқытқыш қышқылды көптеген мемлекеттерде ерігіш шпаттан (қышқылдың атауы да осыдан) алмасу реакциясы арқылы алады:

CaF4 + H2SO4 = CaSO4 + 2HF↑

      Бөлінген газ тәрізді фторсутекті тазалап, салқындату арқылы керек концентрацияға дейін сумен сұйылтады.

      Фторсутек табиғатта да түзіледі. Мысалы, фумаролдар Аляскада атмосфераға шамамен 200 000 тоннаға жуық фторсутекті шығарады. Барлық тірі ағзалар бұл жерден алыста жүруге тырысатыны түсінікті.

      Фторсутек өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемі салыстырмалы түрде көп емес. Соңғы кездері АҚШ сияқты елдерде жылына 200-300


Скачать книгу
Яндекс.Метрика