Өмір – сынақ. Анар МешимбаеваЧитать онлайн книгу.
түрде жұмыс табылмады. Ағылшыннан орыс тіліне аударма жасадым. Экономикалық сараптамалар жасадым. Достарым көп көмектесті. Қызымды мектепке жіберіп, аптасына екі рет Юля мен Филға қонаққа барам. Жолға екі сағат шығындаймын. Мәскеу үлкен қала, кейде жолға жарты күнің кетеді. Сондықтан жолда көбісі кітап оқиды, не телефон шұқылайды. Келгенше шаршап қалам. Фил Ресей азаматтығын алмаған, сондықтан үйден онлайн жұмыс істейтін. Соның кесірінен белі ауырып, үшеуміз солардың бір бөлмелі пәтерінде цигун жаттығуларын орындауға көштік. Күлкілі әрі көңілді еді. Олардың кішкентай қызы Соня «отырып жасайтын жаттығу» кезінде біресе әкесінің, біресе шешесінің арқасына мініп алатын. Мен оларға жарты жыл бойы барып жүрдім. Сосын олар Англияға көшті.
Күтумен кешкен ғұмыр. Күту ұзаққа созылды. Күндер, айлар, жылдар. Ғажайыпты күттім. Қазақстанның құқық қорғау органдары бәрін анықтар деген ғажайыпты. Соны жариялаған күні қызым екеуміз елге кетеміз деп күтуші ем.
Әсел: Бірінші сұмдық
Менің аз өмірімде өлгім келген екі жағдай болды. Мәскеудегі алғашқы екі ай – сондай ауыр кезең болды. Мектепке барғым келмейді деген жетінші сыныптан басталған қиғылығым сол күзде әншейін ойыншық боп қалды.
Қорқынышты түс көргенде денеңді зіл-батпан басып, бастырылып қала беретін, тұйық кеңістікте қап кететін сәттер болады ғой. Мәскеудегі алғашқы екі ай сондай ауыр болып өтті. Сол қорқынышты түстерді еске алатын адам түсінер. Әрине, көп адам бұдан да ауыр қиындықты бастан кешеді. Бірақ, менің өмірлік тәжірибемде сол күндер – ең ауыр күндер болған екен. Әзірге, мен көрген ең ауыр қиындық тек сол күндер болғанына шүкір.
Біз аядай пәтерге қоныстандық. Хрущевка болғандықтан асүйі тіпті тар. Екі адам зорға сияды. Залда созылатын диван. Диванды жазғанда төрде тұрған жазу үстеліне бір адам әрең өтетін. Себебі, қарсы қабарғада шифоньер тұратын.
Көшеге көп шығуға рұқсат жоқ еді. Анама іздеу салған. Орталыққа бармайтынбыз. Мен үшін ең күшті демалыс іргелес жатқан Макдональдсқа бару еді. Бағыма қарай, өзімнің үлкен Asus ноутбугымды ала шыққанмын. Интернетке шыға алатынбыз. Анам жаңалық аңдитын. Мен әлеуметтік желіде отыратынмын. Шын мәнінде анам онда отыруға тыйым салатын. Неге тыйым салатыны түсінікті. Менің ВК-дағы парақшам арқылы, сонда хат жазысқан достарым арқылы бізді тауып алуы мүмкін еді. Бірақ, мен ол кезде шын қауіпті түсінбеппін. Анам асүйде, не ұйықтап жатқанда ВК-ға кіріп тұратынмын.
Көп уақытым сабаққа кететін. Қазақша оқулықтарды өртеп тастағым келді. Анам бір тараудан соң екіншісін оқуға көмектесетін. Тар пәтердің тымырсық ауасында миым бұрынғыдан да нашар істейтін. Оқудың еш пайдасын көрмедім. Оқуға деген ниеттің болмауы, мені тоқырата берді. Терезенің сыртында сұп-сұр әлем. Түк білмеген кездерімде анам ашуланатын. Анамның ашуынан қатты қорқатынмын. Әдетте мейірімді болатын анаңның ашуынан жаман ештеңе жоқ. Мен өксіп-өксіп жылайтынмын.
Оқулықтарды үнемі жауын жауып тұратын аулаға терезеден лақтырып