Қылмыстық процесте бизнесті қорғау. Тайыр Күзекұлы НазхановЧитать онлайн книгу.
бойынша тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қоса берілген болса, фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, слайдтар, өзге де ақпарат жеткізгіштер жаңғыртылады.
Экономикалық қылмыстар бойынша қылмыстық істерді кім тергейді? Шынымды айтсам, бәрі ҚР ҚПК бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың осы түрлерін тергеудің атаулы ведомствосы – аумақтық Экономикалық тергеу департаменттерімен (бұдан әрі – ЭТД) бірге ҚР Қаржы мониторингі агенттігі (бұдан әрі – ҚР ҚМА) болып табылады. Бірақ азаматтарға және мемлекеттік емес ұйымдарға қатысты жасалған иемдену, жымқыру, алаяқтық жөніндегі қылмыстық істер, сондай-ақ қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды ұйымдастыру жөніндегі істер Ішкі істер органдарында тергеуде болады. Мемлекеттік қызметкерлерге қатысты қылмыстық істерді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тергейді. Тәжірибемде экономикалық қылмыстарды тіпті ҚР арнайы прокуратурасы мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері де тергейтінін кездестіріп жүрмін. Яғни, істердің осы санатын зерттеп, тергегісі келетіндер көп. Бұл жүйеліктің бұзылуы емес екенін атап өтейін, өйткені прокурорда ҚР ҚПК 193-бабы 1-бөлігі 12-тармағында көзделген айрықша өкілеттік бар, оған сәйкес прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ тергеп-тексерудің объективтілігі мен жеткіліктілігін қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты ерекше жағдайларда қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, қылмыстық қудалау органының не қылмыстық процеске қатысушының жазбаша өтінішхаты бойынша істерді бір орган- нан екінші органға береді, не өзінің іс жүргізуіне қабылдайды және ҚПК-де белгіленген тергеулілігіне қарамастан оларды тергеп-тексереді.
Қорғау тапсырмасын қабылдағаннан кейін мен әдетте келесі әрекеттер жасаймын. Клиентпен сөйлескеннен, сұрақ қойғаннан кейін оның иелігіндегі процессуалдық құжаттармен танысқаннан соң хабарлама жазып, оны электрондық үкімет порталы арқылы тергеушіге клиентімнің мәртебесі туралы ақпарат беруді, сондай-ақ ҚР ҚПК бойынша өзінің мәртебесіне сәйкес оған және оның адвокатына қазірден бастап қолжетімді болатын құжаттармен танысу туралы өтінішхат жолдаймын. Егер осыған дейін клиентімнен жауап алынса, бірақ хаттаманың көшірмесі болмаса, онда тергеушіден онымен танысуға және одан қажетті мәліметтерді жазып алуға мүмкіндік беруін сұраймын, өйткені қорғаушының бұл құқығы ҚР ҚПК 70-бабы 2-бөлігінің 5-тармағында бекітілген. Хабарлама мен өтінішті тергеушіге оның WhatsApp қосымшасындағы нөміріне жіберемін. Сол күні ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі өңірлік басқар- масына қылмыстық істің қозғалысы бойынша статистикалық мәліметтерді, атап айтқанда, СДТБТ-де тіркелген күнін, ҚР ҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған бабын, тергеп-тексеру мерзімінің үзілуі, тергеп-тексеру мерзімінің ұзартылуы туралы мәліметтерді, дерекқорда көрсетілген істің фабуласын, істердің