Бақыт жолы. Олжас СеитовЧитать онлайн книгу.
болуды армандаған болатынсыз. Неге осылай болды?
Байқаған боларсыз, бұл екі мысалда да болуы мүмкін қауіп пен жанға батар ауру туралы ой жеңді! Бұл түпсана қасиеттерінің бірі. Біздің түпсанамыз ең қауіпсіз жолды таңдайды. Егер кедей адамға еркін және жайлы өмір сүре алатынын, бірақ бұл үшін кәсіпкерлікпен айналысуы қажет екенін айтса, ол, ең алдымен, кедейшілікке апаратын болса да, неғұрлым тәуекелге апармайтын жолды таңдайды, өйткені жайлы аймақтан тыс жерде түпсана кілең қауіптерді көреді. Демек, түпсана қауіпі бар, бірақ жарқын жолдан гөрі, қауіпсіз, бірақ қараңғы жолды қалайды.
Көріп отырғаныңыздай, түпсана өте көп мөлшерде ойларды сақтайды және оларды маңыздылық дәрежесі, қауіпсіздігі және басқа да критерийлер бойынша сұрыптайды. Одан әрі қарай жүрейік.
Түпсанамызды үлкен корпорация ретінде елестетіп көрейік. Сіздің санаңыз – сіз өзіңіз делік және корпорацияның иесі, басты акционері сіз боласыз. Жүздеген, мыңдаған, тіпті мүмкін миллиондаған сізге бағынышты қызметкерлер – бұл түпсанаңыздағы ойларыңыз, олар әр секунд сайын өзіңіз бір кездері сеніп тапсырған көп істерді атқарады. Егер бұл корпорацияны басқарғыңыз келсе, онда сіз осы қызметкерлермен жұмыс жасай білуіңіз керек. Яғни, егер өз ақыл-санаңыздың қожайыны болғыңыз келсе, түпсанаңыздағы ойларыңызбен жұмыс істеуді үйренуіңіз керек. Әрине, егер акционердің басқару қабілеті болмаса, ол әр процеске өзі араласып кетеді, яғни, бухгалтер орнына өзі бухгалтерия жұмыстарын жүргізуге тырысады, сату бөлімінің орнына саудамен және күзетшілердің орнына күзетпен айналысады. Дәл осылай, егер өз түпсанаңызды басқаруды білмесеңіз, үнемі өзіңізді санаңыздағы тұжырым-ұстанымдармен жұмыс жасауға мәжбүрлеп отыратын боласыз.
Қарапайым мысал келтірейін. Сіздің түпсанаңызда: «Алдын ала есеп тапсырудың пайдасы жоқ, бәрібір оларды ешкім бағаламайды», – деген бұрын орнатылған тұжырым бар. Бір күні сіз есеп жүргізуді қалайсыз, бірақ сіздің денеңіз диваннан тұрғысы келмейді. Негізінде, осы кезде, сіз бір кездері жұмысқа «жалдаған» белгілі бір «бағынышты қызметкер» сіздің түпсанаңызда «Қажетсіз күш салма, өйткені оны ешкім бағаламайды» деген бұйрықты орындап тұр. Бірақ бұл әріптесті елемей, денеңізді диваннан тұруға мәжбүрлейсіз. Әрине, сөйтіп ісіңізді атқарасыз. Бірақ осы кезде түпсанаңыз абдырап қалады. Өйткені түпсанаңыздағы «бағынышты қызметкер» жұмыстан шығарылмаған ғой! Сондықтан ол өзіне бұйырылған команданы орындауын жалғастыра береді. Сіз өзіңізге айқайлайсыз, өзіңізді ынталандырасыз, ұрысасыз және қайта көтерілесіз. Осылайша сіз бір күні шаршамайынша, өзіңізді көп рет «мәжбүрлеп отырасыз». Егер акционермен ұқсастыққа қайта оралсақ, акционердің маңызды істері өте көп екені анық. Ол бухгалтерия бөлімі бола тұра, бухгалтерлік есепті үнемі өзі жүргізіп кетпейді ғой, я болмаса бірнеше заңгерлері бола тұра, келісімшарттар жасаумен үнемі айналыспайды ғой. Сізде де тура солай. Бір күні сіз диваннан тұру үшін тым көп күш жұмсайтыныңызды