Бақыт жолы. Олжас СеитовЧитать онлайн книгу.
салыстыру арқылы сәйкестікті орнату. Мысал келтірейін: бір әйел Африкада болғанда безгекпен ауырып қалады. Осы кезде түпсана мынадай теңестіруді жазып алды: «Африка = безгек», немесе «Африкаға барлық сапарлар безгекпен аяқталады». Яғни, бір ғана жағдай әсіреленіп, жалпыланып, осыдан қате теңестіру пайда болады. Безгек – мың белгілердің бірі ғана. Бірақ енді түпсана Африканы тек безгекпен ғана сәйкестендіріп тұр. Немесе безгекті тек Африкамен теңейді.
Мысалы, ата-анаңыз сіз ән айтып, би билегенде сізге ұрысатын болған болса, сіздің санаңызда «Қуаныш = азап шегу» немесе «қуаныш = жаза» деген ақымақ теңдік жазылады. Міне, қате теңеу деген осы. Ал болашақта достарыңыз сізді дискотекаға шақырғанда, би кезінде немесе оның алдында, қауіпсіздік қызметі қате теңестіргендіктен, бір түсініксіз қорқыныш пен ауырсынуды сезінесіз.
Немесе егер бала туылған күні жақын адамынан айырылған болса, түпсана «туған күн = жақын адамынан айырылу» теңдігін жазады, сондықтан ол туған күнін жек көреді, сол күнді тойламай, ешкіммен араласпай оқшауланады. Туған күнінде ол жан дүниесінде түсініксіз азапты бастан кешіреді.
Ал пейнхантингтің көмегімен біз осы қате теңеулерді іздеп тауып, оларды жоямыз. Ең бастысы, теңестіру – дамыту қызметінің емес, қауіпсіздік қызметінің жұмысы екенін түсінуіңіз керек. Басқаша айтқанда, егер адам мұндай теңестіруге жүгінсе, оның қандай да бір жанға батқан ауруы бар екені сөзсіз, өйткені қауіпсіздік қызметі тек қауіп пен ауырсынудың «иісін сезгенде» ғана іске қосылады.
«Ұрып-соққаны – жақсы көргені» деген пікірдің кең таралуының басты себебі де осында. Мұндай адамда бір кездері бұрыс теңеу болған. Бала кезінде әкесі оны не елемеген, не ұрып-соққан. Үшіншісі болмаған. Яғни, әкесі оған ешқашан жылулық танытып, көңіл бөлмеген. Сондықтан да, әкесі оны ұрғанда, бала бұны сүйіспеншіліктің көрінісі деп ойлаған. Енді балаға әкесінің оны елемегенінен гөрі, ұрғаны ұнайтындықтан, ол «ұру = сүйіспеншілік» немесе «зорлық = махаббат» деген ақымақ тұжырымды жазып алады. Ол ұрыс-керіс пен зорлық-зомбылық сүйіспеншіліктің белгісі деген пікірмен өмір сүретін болады.
Ал енді эмоциялар әлемін еске түсірейік. Алдыңғы тарауларда біз «бейтараптық» деген деңгейі бар эмоциялар шкаласын қарастырдық. Енді сіз бұл бейтараптықтан жоғары, негізінен, дамыту қызметі жұмыс істейтінін есте сақтауыңыз керек. Егер адамның эмоциясы осы деңгейден төмен болса, онда оның қауіпсіздік қызметі белсенді жұмыс істейді.
Басқаша айтқанда, барлық жағымсыз эмоциялар қауіпсіздік қызметіне тән. Позитивті және бейтарап эмоциялар дамыту қызметіне ғана тән. Енді қауіпсіздік пен дамыту қызметтері туралы осы теорияны оқығаннан кейін, кейбіреулеріңіз: «Қауіпсіздік қызметі пайдалы ғой. Ол бізді қауіп-қатерден қорғайтын болса, оған неге тиісу керек?» деп ойлаған боларсыздар.
Сондықтан, бұл жерде тағы да нақтылап айтуым керек жайт – қауіпсіздік қызметінің проблемасы, оның барлық командаларды асырып,