Бақыт жолы. Олжас СеитовЧитать онлайн книгу.
кезде-ақ байқауға болады. Егер адам бастапқыда ашу эмоциясында болса, сіз оның қабағы түксигенін, көздері қызарғанын, денесі тырысып тұрғанын, қимылдары өткір, дауысының қатты әрі агрессивті екенін байқайсыз. Осы кезде сіз оны эмоциялар шкаласы бойынша көтересіз. Сонда оның жағымсыз ойлары позитивті ойларға, ал бейнелері қараңғыдан жарыққа өзгереді. Бұл оның түрінен де байқалатын болады. Беті ажарланып, көзінің қызарғаны басылады, денесі босаңсып, ал дауысы болса, жұмсақ та сабырлы болады.
Егер сіз пейнхантинг әдістемесімен жұмыс істей бастасаңыз, тағы да қызықты нәрселерді байқайсыз. Мысалы, сіз жан азабымен байланысты бір оқиғамен жұмыс істеп жатқанда, адам кекіруі мүмкін. Немесе жиірек кездесетін жағдай – ол кенеттен есіней бастайды және бұл 10—15 минутқа, кейде одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Кейбіреулер кеудедегі ауырлықты сезіне бастайды, кейінірек бұл сезім жоғары көтеріледі де, адам тамағында тас тұрғандай сезінеді. Басқа біреуде, керісінше, бәрі бас ауруымен басталады, содан кейін бұл ауырсыну төмендейді де, адам аурудың аяғы арқылы кетіп қалғанын сезінеді. Тағы басқаларында кенеттен жиі зәр шығаруы басталады. Енді біреулері болса, сеанста тереңінен жұмыс жасалғаннан кейін, бірнеше күн бойы диареядан қиналады. Әрине, қайғы мен жоғалтқан сәттерді қозғаған болсаңыз, көпшілігі жылайды.
Бұл физикалық реакцияларда қызықты болып тұрған не жайт? Жәй ғана анаңыздың сізге қалай ұрысқанын еске түсіріп отырған сияқтысыз, бірақ дәл осы сәтте, сіздің денеңіз осы жайтқа қатысты, кекіруден бас ауруына дейін, әртүрлі жауап қайтара отырып жұмыс істей бастайды. Сонда бұлай болуы не нәрсеге байланысты? Санамыздағы анамызбен болған оқиға туралы бейнелеріміз жарты сағат бойы кекірік шақыратындай асқазанымызға қалай әсер етеді?
Бұл процесті медициналық тұрғыдан түсіндіре алмаймын. Әлі күнге дейін пейнхантинг сеансы кезінде адамның неліктен кекіретінін түсінбеймін. Адамның неліктен есінейтінін де нақты айта алмаймын. Бірақ мен мына бір жайтты сенімді түрде айта аламын: біздің денеміз ақпаратты жасуша деңгейінде сақтайды. Сіз санадағы ойды өзгерткенде, жадыңыздағы бейнелер де өзгереді, кейін эмоциялар өзгеріп, ал эмоциялар болса гормональды жүйеге әсер етеді, гормональды жүйе әрі қарай жүйке, бұлшықет, жүрек-тамыр және дененің басқа жүйелеріне де әсер етеді. Сондықтан санаңыз жағымсыз бейнелерден арылғанда, денеңіз де физикалық деңгейде жағымсыздан арылады. Демек синхронизация болады: жаңа ойлар – жаңа эмоциялар – өмірге жаңаша көзқарас – жаңа дене. Сірә, біз жан азабынан арылғанда регенерацияның қандай да бір түрі пайда болады да зат алмасу тез жүре бастайды, бұдан өкпеміз есінеу арқылы ауамен байытылып жаңарады, ал асқазанда болса, ас қорыту процесі жылдам жүре бастайды, бұдан адам кекіреді.
Осындай өзара байланысты ескере отыра, кейінірек сіз пейнхантингтің көмегімен барлық тәндік аурулардың ішінде емделуі ең оңайы – эндокриндік аурулар екенін байқайтын боласыз. Гормоналды бұзылулар – эмоционалды дисбаланстың тікелей белгісі болып табылады. Адамның