Бақыт жолы. Олжас СеитовЧитать онлайн книгу.
болғысы келетіндерге де пайдалы болады.
Егер өз проблемаларыңыздың қайнар көздеріне саяхаттауға дайын болсаңыз, егер өз-өзіңізді және адам жанын тереңірек танып-білгіңіз келсе әрі сұрақтарыңызға жауабын табуға ынталы болсаңыз, онда әрі қарай алға жүрейік!
1-Бөлім. «Пейнхантинг» әдістемесі жайлы
1.1 Тарау. Адамға қайғы-қасірет әкелетін не?
Өміріміздің өзі қайғы-қасірет болып табылады ма? Неге біреу кедейліктен жапа шегіп жатқанда, басқа бір бай кісі өмірінде қояр мақсатының жоқтығынан жапа шегеді? Неге адам қатты қалаған нәрсесіне қол жеткізгеннен кейін, азғана уақыт өте өзін қоярға жер таппай, қайтадан басқа жаңа нәрсені іздей бастайды? Осылай болғаны дұрыс па?
Неге данышпандар «бақыттың кілті – жай ғана бақытты болуда» деп айтады? Егер бұл осыншалық оп-оңай болса, неге дүниеде бақытсыз жандар көп? Әлде көп адамға бақытсыз болу ұнағаны ма?!
Кейбір рухани тәжірибемен айналасытатындардың айтуынша, бізге өз ойларымыз бен өз санамыз қайғы-мұң әкелетіндіктен, адам бақытқа тек медитация кезінде ғана қол жеткізе алады. Олардың сендіруінше, медитация кезінде адам ой-санасында өз-өзімен жүргізетін мәнсіз диалогын доғарып, тыныштыққа кенеледі. Ал сол тыныштық оны бақытқа жетелейді. Шындығына келгенде, бұл солай ма?
Ал Батыс өркениеті болса, адам бір кемелді арманға қол жеткізсе, міндетті түрде бақытты болады дегенді айтады. Адамдар бақытты боламын деген үмітпен жылдар, тіпті ондаған жылдар бойы сол арманға ұмтылады, жетістікке жетуден келетін қуанышты қайта сезінуді қалап, материалдық игіліктерге ие болу үшін қысқа мерзімді мақсаттарға қол жеткізеді. Бірақ күндердің күнінде бұл қуаныш әкелуден қалады! Адам есті болған сайын, материалдық жетістіктерге жетудің мәнсіз екеніне тезірек көзі жетеді де, рухани күйзеліске ұшырайды. Ал енді мәселенің төркінін табайық. Қазір сіз бақытты болудың қызықты да қарапайым сырын түсінесіз. Сіз мұны байқап та жүрдіңіз, бірақ аса мән бермеген боларсыз.
Көз алдыңызға өміріңіздегі ең бақытты жандарды елестетіңізші. Бұл кімдер? Иә, бұл бақытты жандардың балалар екенін бірден түсіне қойған шығарсыз. Ал қандай сәттерде балалар әсіресе бақытты? Байқағансыз ба, олар ойнап жүрген сәттерде жүздері бал-бұл жайнап, бақытты боп тұрады! Жүрекке жылу берер – анасының құшағына енгенде, тәтті балмұздақтан рахаттанғанда бақытты болады. Қызықты да жаңа нәрсені тамашалап тұрғанда, бір нәрсені өз қолдарымен жасағанда, ата-аналары оларға тамсанып, сүйсінгенде олар бақытты боп тұрады.
Ал енді қандай кездері балалар бақытсыз болатынын қарастырайық. Әрқайсыңыздың өз балалық шағыңызда болған оқиғалар есіңізге түсіп отырған шығар. Баланы ойнап жатқан ойынынан айырғанда, ол бір-ақ сәтте бақытсыз бола қалады. Өзгелер оның қадірін түсіріп ұрысқанда, сүйікті ойыны ішпыстырарлық боп кеткенде, айналадан қауіп сезінгенде, бір жері ауырғанда мұңаяды. Өзгелердің көңіл бөлгенін, сүйіспеншілігін сезінбегенде, мақтау сөз естімегенде, ата-анасынан әділетсіздік көргенде,