Эротические рассказы

Жасанды сана және адамзаттың жаңа дәуірі. Генри КиссинджерЧитать онлайн книгу.

Жасанды сана және адамзаттың жаңа дәуірі - Генри Киссинджер


Скачать книгу
элемент станут доступными ограниченному или неопределенному кругу лиц, в том числе посредством сети интернет, независимо от того, будет предоставляться доступ за плату или безвозмездно.

      Копирование, воспроизведение и иное использование электронной книги, ее частей, фрагментов и элементов, выходящее за пределы частного использования в личных (некоммерческих) целях, без согласия правообладателя является незаконным и влечет уголовную, административную и гражданскую ответственность.

      © 2021 by Henry Kissinger, Eric Schmidt and Daniel Huttenlocher

      © Басылым қазақ тілінде, аударма, безендіру. Zerde Publishing, 2024

* * *

      Авторлар бұл кітапты Нэнси Киссинджерге арнайды. Оның көркемдігі, тектілігі, ерлігі мен парасатының үйлесуі – бәріміз үшін аса зор тарту

      Кіріспе

      Үш жыл бұрын жасанды интеллект (ЖИ) тақырыбы трансатлантикалық өзара қарым-қатынастар мәселелері жөніндегі конференциялардың бірінің күн тәртібіне енгізілді. Бұл кітаптың болашақ авторларының бірі техникалық талқылауларға қатысқысы келмегендіктен, отырысты өткізіп жіберуге дайын болған еді, бірақ жақында ЖИ адам қызметінің барлық дерлік салаларын қамтитындығын айтып сендірген әріптесінің кеңесіне құлақ асты.

      Осы жағдайдың қорытындысы бойынша көптеген пікірталастар, сайып келгенде, сіздің қолыңыздағы кітаптың жарық көруіне әкелді. Отырыста 500 жылдан астам уақытқа, ғасырлар қойнауына тамыр жіберген мәселелер талқыланды. Бірақ өз бизнесімен айналысатын қарапайым басшының әдетте қоғамдағы, экономикадағы, сыртқы және ішкі саясаттағы тарихи өзгерістер және олардың салдары туралы ойға шомуға мұршасы бола бермейтіні анық. Біз әр түрлі технологиялық және гуманитарлық салалардағы достарымыздың қолдауымен осы тақырыптарға бірқатар бейресми талқылаулар ұйымдастырдық.

      ЖИ танымалдығы күн санап артып келеді, бұл жағдай барлық жерде орын алуда. Осы немесе аралас салалардың бірінде жұмыс істеуді жоспарлап отырған көптеген студенттер ЖИ әзірлеуді және енгізуді үйренуде. 2020 жылы америкалық ЖИ стартаптары қаржыландыруға – $38 млрд жуық, Қытай ЖИ стартаптары – $25 млрд, еуропалық ЖИ стартаптары $8 млрд тартты[1]. АҚШ, Қытай және Еуропалық Одақ (ЕО) үкіметтері ЖИ зерделеу үшін жоғары деңгейдегі комиссияларды шақырды. Саяси және корпоративтік көшбасшылар ЖИ саласында «жеңіске жету» немесе, ең кемінде, ЖИ енгізу және оны өз міндеттерін шешуге бейімдеу мақсаттары туралы ұдайы мәлімдейді.

      Мұның барлығы – жеке-жеке алдамшы әсер қалдыруы мүмкін жалпы көріністің бір бөлігі ғана. ЖИ сала емес, оған қоса жеке өнім де емес. Стратегиялық тұрғыдан айтқанда, бұл тіпті «салаға» жатпайды. ЖИ адам қызметінің бірнеше саласы мен көптеген аспектілерін: ғылым, білім беру, өндіріс, логистика, көлік, қорғаныс, құқық тәртібін қорғау, саясат, жарнама, өнер, мәдениет және басқаларды дамытуға ықпал етеді. ЖИ-дің барлық осы салаларға әсері, оқып үйрену, даму және таңғалдыру қабілетін қоса алғанда, оның мүмкіндіктерінің арқасында серпінді болады. Бізді қазіргі әлемде әлі болып көрмеген адам сәйкестігінің және адамның әлемді қабылдауының өзгерістері күтуде.

      Бұл кітаптың мақсаты – ЖИ туралы айту, қоғам таяудағы жылдары тап болатын онымен байланысты міндеттерді тұжырымдау, сондай-ақ осы міндеттерді шешуге жақындауға мүмкіндік беретін құралдарды белгілеу.

      ЖИ-ге қатысты көптеген сұрақтар туындайды, атап айтқанда:

      ● ЖИ пайдаланылатын соғыс дегеніміз не?

      ● Денсаулық сақтау, биология, ғарыш және квантты технологиялар саласындағы ЖИ-мен байланысты инновациялар қандай болады?

      ● ЖИ пайда болуымен адами қарым-қатынас тобы және балалар тәрбиесі қалай өзгереді?

      ● ЖИ адам ұғынбайтын шындық аспектілерін қабылдай ма?

      ● ЖИ-дің үйлестіру мен басқаруға қатысуы адамдарды қалай өзгертеді?

      ● ЖИ дәуірінде «адам болу» нені білдіреді?

      Біз ЖИ-дің пайда болуына байланысты мүмкіндіктер мен проблемаларды түсінуге тырыса отырып, соңғы үш жыл ішінде осы және басқа да мәселелерді талқылап келеміз. Біз ЖИ-дің не екенін, қандай жетістікке жете алатынын және неге айналатынын түсінгіміз келді. Соңғы жылы COVID-19 пандемиясы жағдайында бізге бейнеконференция режимінде кездесуге тура келді, яғни бұл – таяуда ғана мүмкін еместей көрінген, бірақ қазіргі таңда жалпыға ортақ игілікке айналған тағы бір технология. Өткен ғасырда тек соғыс уақытында болған шығындар мен түбегейлі өзгерістерді бастан кешірген жаңа локдаун заманында біздің ЖИ-ге арналған апта сайынғы кездесулеріміз ЖИ-де жоқ достық, білмекке құмарлық пен өзара қолдауға толы болды.

      Барлығымыз бірдей ЖИ-ге оптимистік көзқарастамыз деуге болмайды. Бірақ біз адамның ойлауын, білімін, түйсігін және шындықтың өзін өзгерте отырып, бұл технология сол арқылы адамзат тарихының бағытын өзгертетіндігі жөнінде ортақ пікірдеміз. Біз ЖИ-ді дәріптеп жатқан жоқпыз және оны даттауға да тырыспаймыз. ЖИ кеңінен таралған, сондықтан біз оның пайда болуының салдарын адамның қабілеті жететіндей дәрежеде ұғынуға тиіспіз. Сұрақтар қоя отырып, біз оларға жауаптарымыз бар екенін көрсетуге


Скачать книгу

<p>1</p>

AI startups raised USD73.4bn in total funding in 2020, Private Equity Wire (2020 ж. 19 қараша), https://www.privateequitywire.co.uk/2020/11/19/292458/ai-startups-raised-usd734bn-total-funding-2020, сілтеме 2022 ж. 5 ақпанда тексерілді.

Яндекс.Метрика