Эротические рассказы

Жасанды сана және адамзаттың жаңа дәуірі. Генри КиссинджерЧитать онлайн книгу.

Жасанды сана және адамзаттың жаңа дәуірі - Генри Киссинджер


Скачать книгу
(Jonathan Rosenberg), Джеймс Маньика (James Manyika), Фарид Закария (Fareed Zakaria), Джейсон Бент (Jason Bent) және Мишель Риттер (Michelle Ritter) қосымша пікірлер берді, олардың арқасында қолжазба анағұрлым нақтырақ бола түсті және бұл оқырмандар үшін мейлінше өзекті болады деп үміттенеміз.

      Бұл кітаптың кез келген кемшілігі мен қателігі үшін тек өзіміз ғана жауапты боламыз.

      1-тарау

      Біз қазір қай кезеңдеміз

      2017 жылдың соңында тыныш революция болды. Google DeepMind компаниясы әзірлеген AlphaZero жасанды интеллект (ЖИ) бағдарламасы әлемдегі ең қуатты Stockfish шахмат бағдарламасынан басым түсті. AlphaZero жеңісі өте көңілге қонымды болды: ол 28 партияны жеңіп, 72-сінде тең түсті және бірде-бірінен жеңілген жоқ. Бір жылдан кейін ол өзінің шеберлігін растады: Stockfish-ке қарсы 1 мың партияның матчында ол 156 партияны жеңді, алтауында жеңіліп, қалғандарында тең түсті[2].

      Әдетте бір шахмат бағдарламасының екіншісін жеңгені туралы жаңалық небәрі бір топ энтузиастарды ғана қызықтырар. Бірақ AlphaZero қарапайым шахмат бағдарламасы емес еді. Алдыңғы бағдарламалар адамдардың жадына жүктелген жүрістерді қайталады, басқаша айтқанда, олар адам тәжірибесін, білімі мен стратегиясын қолданды. Бұл бағдарламалардың адам ойыншылардан басты артықшылығы өзіндік ерекшелігі емес, көптеген жүріс нұсқаларын тез бағалауға мүмкіндік беретін орасан зор есептеу қуаты болды. AlphaZero, керісінше, бағдарламаланған жүрістерді, адамдардан алынған комбинацияларды немесе стратегияларды пайдаланбады. Ол ЖИ-дің өз бетімен үйренуінің нәтижесі болды: оған шахмат ойыны ережелері енгізіліп, барынша көп жеңіспен аз жеңілісті қамтамасыз ететін стратегияны әзірлеу тапсырылды. Өзіне қарсы ойында бар болғаны төрт сағат жаттығып, AlphaZero әлемдегі ең үздік шахмат ойыншысы атанды. Осы уақытқа дейін оны бірде-бір адам жеңе алмады.

      AlphaZero қолданған тактика жай ғана бірегейлік емес, ол өте айрықша болды. Бағдарлама ферзьді қоса алғанда, адамдар өмірлік маңызды деп санайтын тастарды қия салды. Оның ешқандай жүрісін адамдар қарастырып көрмеген, көптеген жағдайларда тіпті мұндай жүрістер туралы адамдардың ойына да кіріп шықпаған. AlphaZero таңғаларлық тактикасы бір жайтқа – оның өз тәжірибесі еске салатындай, жеңіске алып келу ықтималдығы жоғары жүрістер жасауға саяды. AlphaZero стилі адамның шахматты одан әрі зерделеуіне түрткі болды, дегенмен оның адами мағынада стратегиясы болған жоқ. Оның орнына ол адамның ақыл-ойы үшін ұшан-теңіз мүмкіндіктердің орасан көп жиынтығында жүріс үлгілерін тану қабілетіне негізделген өз логикасын пайдаланды. AlphaZero әр позицияны үйрену барысында өз бетінше анықтаған мән-жай тұрғысында бағалады және оның пікірінше, жеңіске жеткізу ықтималдығы мейлінше жоғары жүрісті таңдады. Гроссмейстер және шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Гарри Каспаров бұл ойынды «[ойынды] түгелдей қозғаған» «басқа өлшем әлеміндегі шахмат» деп атады[3]. Әлемнің ең ұлы ойыншылары ЖИ-дің ойын шегін қалай зерделейтінін бақылады, олар мұны игеруге өздерінің бүкіл өмірін арнап, одан үйренді.

      2020 жылдың басында Массачусетс технологиялық институтының (МТИ) зерттеушілері барлық белгілі антибиотиктерге


Скачать книгу

<p>2</p>

Mike Klein, Google’s AlphaZero Destroys Stockfish In 100-Game Match, Chess.com (2017 ж. 6 желтоқсан), https://www.chess.com/news/view/google-s-alphazero-destroys-stockfish-in-100-game-match. Pete, AlphaZero Crushes Stockfish In New 1,000-Game Match, Chess.com (2019 ж. 17 сәуір), https://www.chess.com/news/view/updated-alphazero-crushes-stockfish-in-new-1-000-game-match, сілтемелер 2022 ж. 5 ақпанда тексерілді.

<p>3</p>

Гарри Каспаров.

Яндекс.Метрика