Жасанды сана және адамзаттың жаңа дәуірі. Генри КиссинджерЧитать онлайн книгу.
іздеу тапсырылды. ЖИ жетістікке жетті, өйткені ол тапқан антибиотик патогендік микроорганизмдерді өлтірді, бірақ оның басты жетістігі – жеткізудің жаңа тәсілімен қатар, жаңа сенімді антибиотикті ашу арқылы емдеу мүмкіндіктерін кеңейту.
Адам мен машина арасындағы серіктестіктің жаңа түрі пайда болады. Біріншіден, адам машинаға арналған тапсырманы анықтайды. Содан кейін машина адамға қолжетімсіз салада әрекет ете отырып, адам кейінірек зерделеп, түсіне алатын және ең дұрысы қолданыстағы тәжірибеге енгізе алатын оңтайлы процесті анықтайды. AlphaZero стратегиясы мен тактикасы адамдардың шахмат туралы түсініктерін кеңейтті, ал АҚШ ӘӘК AlphaZero-ның негізгі қағидаттарын оның радарлық жүйелерін пайдалану туралы өз бетінше шешім қабылдай отырып, U-2 бақылау ұшағын дербес басқаратын жаңа μZero ЖИ-ге бейімдеді[9]. Халицинді ашқан ЖИ бактерияларды жою мен дәрілерді жеткізудің тар саласында да, кең мағынада да (денсаулық сақтау, медицина) білімімізді кеңейтті.
Адам мен машинаның бұл серіктестігі мүлдем жаңа тәжірибенің пайда болуын білдіреді. Әңгіме бәрін білетін, бәрін басқаратын машиналардан қорқу жайында емес, бұл ғылыми фантастика тақырыбы болып қала береді және адам мен ЖИ серіктестігіне байланысты туындайтын қоғамның шынайы мәселелерінен назарды бұрып әкетеді.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «Литрес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.