Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары. Кеңес ОразбекұлыЧитать онлайн книгу.
кетеді.
Қылкеңірдек жанындағы серігіне:
– Ал, Жареке, ауылдың жатқан-жатпағанын бақылап, шолып келу үшін бұл жолы сен барып келесің бе? – дейді.
Жарғақбас орнынан тұрады:
– Барсам барайын. – Қолындағы қапшығын Шибұттың алдына қойып, қолына түкіреді:
– «Күн жаз, ет аз» деген, нартәуекел!
Ол жөнеп береді. Жота басына шыққанда, ар жағынан ауыл оттары көрінеді. Ауылдың бергі шетіне вагон-арбалар мен үлкенді-кішілі шатырлар орналасқан екен. Жарғақбас бұлар не болды екен деп жақындап келсе, ауыл балаларына қаладағыдай қызықты ойын көрсетеміз деп, әр түрлі ойын аттракционын құрып қойыпты. Адамдары шаршап, шатыр не вагон-арбаның біріне жатып ұйықтап қалған болса керек, айналасынан бейсәубет ешкім көрінбейді. Ол вагон-арбаның біреуіне жақындап барып, есігін жайлап ашып, басын сұғып қарап еді, иесіз екен. Есік жақтауындағы қосқышты байқап, басып қалған – іші толған неше алуан айналар. Жарғақбас «Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме» деп, біреуінің алдына жақындап, айнадан өзінің қызық кескінін көреді: Қазандай басы кеседей болып, есесіне денесі зорайып, алып балуан денелі болып шыға келгені. Жарғақбас соған риза болып, ұзағырақ қызықтады. Енді келесісіне өтіп еді, иығының, аяқ-қолдарының бұлшық еттері бұлт-бұлт етіп ойнақшып көрінгені. Жарғақбасқа ол да қызық болып, өз бейнесіне өзі сүйсініп қарай береді. Сөйтіп, келесісінен келесіне өтіп, айналардың алдынан шыға алмай қалады.
***
– Бие сауымдай уақыт өтті. Бұл сорлы қайтпады ғой, оған не болды екен, ә? – деді Шибұт айналасына төзімсіздене қарап.
– Иә, қатты кешікті. Сен барып жағдайын біліп келші, – деді Қылкеңірдек.
– «Баланы іске бұйыр, соңынан өзің жүгір» деген осы. Барсам барып келейін.
Ол орнынан тұрып, қолындағы заттарын Қылкеңірдіктің жанына қояды да, өзі жорта жөнеледі. Шибұт та қырдан асып қараса, ауыл шетінен тізіліп тұрған вагон-арбалар мен шатырларды көреді. Айналасында бейсаубат адамдар болмаған соң, жайлап жақындап барып, біреуінің есігін ашады. Қосқышын жағып қалып еді, алдынан көздің жауын алатын көріністер: ат, піл, түйе, есек, жолбарыс, арыстан және тағы басқа айналмалы жануарлар шыға келгені. Шибұт есіктің аузындағы екінші қосқышты басқанда, әлгі жануарлар қозғалып, секіріп айнала бастады. Шибұт «Көп қыдырған үзбентайға жолығар» деп қуанып, бәрін ұмытып, жануарлардың алдымен біреуіне, одан кейін келесісіне ауысып мініп, мәз-мейрам болады да қалады. Сөйтіп, ол да бірінен екіншісіне ауысып, ойын қызығына елігіп кетеді.
***
Қылкеңірдек Жетіқарақшы жұлдызына қарап тұрып:
– Міне, ет пісірімдей уақыт өтті, екеуінен де хабар-ошар жоқ. «Қойшы көп болса, қой арам өлер» дейді, бұлар іс тындырып жарытпас, өзім барып көрейінші, не болып жатыр екен.
Ол орнынан тұрып, жердегі қапшық пен жүгенді иығына артып, серіктерінің соңына түседі. Ол да алдынан көлденең шыға келген вагон-арбалар мен шатырларға таң қала қарап, жанына абайлап жақындайды. Вагон-арбаның біреуінің есігін ашып қараса, жан баласы жоқ. Ішке кіріп, есік түбіндегі қосқышты қосқанда, нысана көздеп