Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары. Кеңес ОразбекұлыЧитать онлайн книгу.
білесіңдер ме?
– Қалай?
– Алдына шөп байлап қойып жүргізеді ғой.
– Оп, бәрекелді! Біз де сөйтейік!
– Сенің де таппайтының жоқ! – деді Жарғақбас.
Үшеуі сайда өсіп тұрған қара талдың қураған ұзын бұталарын сындырып әкеліп, оларды есектерінің мойындарына байлады. Есек-терінің бастарынан асып тұрған бұтаның екінші басына дайындап қойған құрақ шөптің бір-бір шөмелесін байлап қояды. Сөйтіп, есек-терінің басын қоя беріп еді, есектері шөп жеймін деп бастарын созып дедектеп жүріп кетті. Үшеуі шайлаларының астында жатқан күйі қарқылдап күліп, есектерін қырдан асқанша көздерімен шығарып салды.
– Иә, олар қайда кетер дейсің, иелері біз емеспіз бе, қайтып келер.
– Дұрыс, «Ат айналып қазығын табар» деген, ерте ме, кеш пе қайтып оралар.
– Қайсысы озып бірінші келсе соның иесі жеңген болып шығады, соған бәстесейік, – деді Жарғақбас.
– Келістік!
Бірақ күн кешкіріп, есектері қайтып оралмады, сол кеткеннен мол кетті. Үшеуі оларды күте-күте жалығып, кешкі астарына отырды. Шайлаларына түнеп, таң атқанда да есектерінен хабар болмады.
– «Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді» деген, біз де ақымақпыз, – деді Жарғақбас. – Бастарында шөп тұрғанда қайтып оралушы ма еді.
– Иә, сонысы да бар екен, оны біз ескермеппіз ғой.
– Бір реті табылар, соған алаңдамай-ақ қойыңдаршы, – деді Шибұт. – Біз тонайтын саудагерлердің де көлігі бар шығар.
– Иә, Шиекең жөн айтады, – деді Қылкеңірдек. – Одан да жолымызды ториық. Кімнің кезегі еді?
– Есің дұрыс па, бүгін санамақты қайта бастаймыз, – деді Жарғақбас. – Кім соңында қалса, сол бастап кезекке тұрады.
Қылкеңірдек үшеуін сұқ саусағымен түртіп, санамақты жүргізеді:
– Әдім бәдім шума-шу, шим-ширика атам бу, бума бели баран тас, ско-рида пиди шаш!..
Бұл жолы төбе биігіне Қылкеңірдектің жол қарайтын кезегі түсті. Ана екеуі шайла астында жатыр. Жай жатқан жоқ, беттеріне қонған шыбындарды қағып жатыр. Шибұт бетіне қонған шыбындарды қолы-мен қағып алады. Ұстаған шыбындарын Жарғақбасқа көрсете жерге тастайды:
– Мен үш шыбын ұстадым!
Жарғақбас та қағады. Ұстаған шыбындарын Шибұтқа көрсете жер-ге түсіреді:
– Ал, мен жеті шыбын өлтірдім!
– Әрине, сенің басың үлкен, содан…
– Қыртпашы! Әңгіме – бастың үлкендігінде емес, ептілікте, —деді Жарғақбас.
– Жоқ, ептілікте емес, бастың үлкендігінде.
– Үлкендігінде емес, ептілікте!
– Онда кел, мен – сенің басыңды, сен менің басымды қориық.
– Сөйтсек, сөйтейік, —деді Жарғақбас.
Екеуі бір-бірінің бастарын қоруға көшеді.
– Бір керуен «майшелпек» келе жатыр! – деп айқайлады Қылкеңірдек төбе басынан. – Дайындыққа кірісіңдер!
Ана екеуі орындарынан ұшып тұрады. Үшеуі өткел аузындағы өз орындарына барып жайғасып алды. Өзара сыбырласа сөйлесіп, «май-шелпекті» басып алудың жайын талқылауда. Қылкеңірдек:
– Керуен –