Эротические рассказы

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ. Кеңес ОразбекұлыЧитать онлайн книгу.

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - Кеңес Оразбекұлы


Скачать книгу
алтындалған папирус қағазының орамасын жазды да, үзіп – үзіп былайша оқып шықты:

      – Жер жүзінің жартысынан көбін жаулап алған, жеңімпаз әміршім! Мысыр елінің патшасы Нехо перғауын Сізге жалынды -жалынды сәлем жолдайды. Сізге деген құрмет пен берілгендіктің өтеуі ретінде екі керуен асыл бұйымдар мен алтын-күміспен көм-керілген тарту-таралғыларды перғауынның мерекелік сый-тартуы ретінде қабылдауыңызды сұраймыз. Және сонымен бірге әр ай сайынғы алым-салықты да уақтылы жеткізіп тұруға міндеттенеміз. Соның өтеуі ретінде біздің елімізге әне-міне басып кіруге дайын тұрған қосыныңызды тоқтатуға бұйрық беруіңізді өтінеміз.

      Сіздің атақ-даңқыңыз аспандап, қазынаңыз молая берсін деген ізгі тілекпен Нехо перғауын».

      Елші айтып болдым дегендей қолын кеудесіне қойып, басын иді. Қолындағы ораулы папирусты Алып Ер Тоңғаның нөкеріне берді де, өзі бұрынғы орнына қайтып барды.

      – Мейлі, Мысырға шабуыл жасауға асықпай-ақ қояйын, —деді Алып Ер Тоңға елшіге сынай қарап. – Дегенімен, Нехо перғауыныңа айтып бар, алым-салығын бұрынғыдан екі есе көбейтсін, сонда ғана өтініштерің орындалады.

      – Болсын, тақсыр! – деді елшілер тағы да иіліп тағзым етіп. Сол күй-лері кері шегініп, шеткерірек барып тұрды.

      – Даяшылар қайда, бұларға да кесені толтырып наурыз көже құйсын. Өздері жарытып тамақ ішпей ме, арық қатпа екен. Елдеріне біраз шыр жинап кетсін.

      Айнала отырғандар патшаларының сөзіне тағы рақаттанып күліп алды.

      Даяшылар оларға көже толы кесені ұсынып жатқанда, сырттағы қарашы қайта кірді:

      – Хан ием, Кейхосрау шах хатшысын жіберген екен, алдыңызға кірсін бе?

      – Бұл жиен нағашысын не себептен еске алып, керек етіп қалды? Кірсін.

      – Кейхосроуды неге жиен дейді? – деді Нар Бидің құлағына сыбырлап.

      – Өйткені, оның әкесі Сияуыш тұрандық қызға үйленген.

      – Сияуыш Алып Ер Тоңғаның қолынан мерт болған жоқ па еді?

      – Иә, кескілескен бір соғыста Алып Ер Тоңғамен жекпе-жекке шы-ғып, ажал құшты. Ал баласы Кейхосрау әкесінің орнына таққа отырыпты ғой.

      Осы кезде сусар бөрік, түйе жүн қоңыр шапанды хатшы кіріп келді де, иіліп тағзым етті.

      – Ұлы тәңірқұт! Кейхосрау Сізді Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, дұғай-дұғай сәлем жолдады. Егер мүмкіндігіңіз болса, бүгін жиеніңіздің мерекелік дастарқанының құрметті қонағы болса екен деп, ілтифат етті.

      Алып Ер Тоңға дөңгелек жүзі шырайланып, ақ жарыла күліп алды да:

      – Енді, жиеніміз жайылып жастық, иіліп төсек болып жатса, нағашысы неге бармайды екен. Барамыз! Бар, солай сәлем айтып бар!

      Ер Нардың құлағына еңкейіп:

      – Осы дастарқанда емес пе, Алып Ер Тоңғаның адамдарын шетінен мас қылып, шараптарына у қосып қырып салатыны?

      – Иә, осы дастарқанда.

      – Ендеше сол жайды айтып, барғызбай қойсақ қайтеді?

      – Жоқ, болмайды, – деді Би. – Біріншіден, «Тәңірқұттың екі сөйлегені – өлгені», тәңірқұт «барамыз» деп уәде берді. Екіншіден, осындай Ұлыстың ұлы күні


Скачать книгу
Яндекс.Метрика