Қолданбалы химия. Роза РыскалиеваЧитать онлайн книгу.
әдіспен өндіргенде көмір қатпарларына дейінгі тау жыныстары мен топырақты орасан зор экскаваторлардың көмегімен қопарып ашады. Бұл кезде толығымен жер үстіндегі экожүйе жойылады. Қалған карьерлер мен олардың шұңқырларын рекультивациялауға, яғни тегістеп жауып және ол жерді тыңайтып, өсімдіктер отырғызуға болғанымен, алайда мұндай экожүйені орнына келтіру үшін көп уақыт қажет болады. Көмірдің отын ретінде қолданылуының ең маңызды экологиялық кемшілігі – оның күкірт диоксидімен SО2 ластануы, сонымен қатар күлді қалдықтардың өте көп мөлшерде қалуы. Сонда-ақ, көмірді жаққаннан кейінгі қалдықтардың құрамында күшән, қорғасын, сынап және бірқатар радиоактивті заттардың іздері болады.
Шымтезек және сланецтер. Отынның шымтезегі мен сланецтерінің жылу сақтау мүмкіншілігі 24000 кДж/кг болады. Алайда бұл отын түрлерінің жоғары күлділігі, тіпті көмірмен салыстырғанның өзінде оларды қолданудың тиімсіз, экологиялық тұрғыдан күрделі екенін көрсетеді (күлдің мөлшері 30-дан 60 % дейін).
Мұнай адамзатқа көне заманнан бері белгілі. Оның мұнай ретінде табылғаны туралы нақты деректер жоқ, бірақ тереңдігі 23 м болатын алғашқы өнеркәсіптік бұрғы 1859 жылы Америка Құрама Штаттарының Пенсильвания штатында бұрғыланған болатын. Ал 1880 жылдан бастап мұнай өндіру геометриялық прогрессиямен өсіп келеді, ал қазіргі уақытта Жер қойнауынан жыл сайын 3,2.1012 л аса мұнай шығарып алынады. Бұл көмірсутектердің үш түрінің – алкандар (СnH2n + 2), циклоалкандар (СnH2n) және арендердің (СnH2n – 6) қоспалары. Сонымен қатар, мұнайдың құрамында көп мөлшерде күкірт S – 4 %-ға дейін, азот N – 1 %-дан артығырақ және одан сәл кемірек мөлшерде оттек бар. Бұл қосымша элементтер әдетте, көмірсутек молекулаларының бір бөлігі болып табылады. Мұнайдың құрамында микромөлшерде 27 ге жуық элементтер (фосфор Р, ванадий V, марганец Mn, хром Cr, кобальт Co, бор В, магний Mg, никель Ni, темір Fe, алюминий Аl және т.б.) болады. Әртүрлі мұнай құрамында барлығы 805 жеке химиялық қосылыстар анықталған. Мұнай – өзіне тән иісі бар ашық түсті қоңырдан қараға дейін түсі бар майлы сұйықтық. Ол суға қарағанда сәл жеңілірек және онда іс жүзінде ерімейді. Мұнай әртүрлі көмірсутектердің қоспасы болғандықтан, оның белгілі бір қайнау температурасы жоқ. Әр түрлі географиялық аудандарда өндірілген мұнайдың арасындағы негізгі айырмашылық оның химиялық құрамы емес, ол шикі мұнайдың физикалық және химиялық қасиеттеріне әсер ететін жеке компоненттерінің мөлшерінде болып табылады. Кейбір мұнай өнімдері түссіз келсе, ал басқалары қара, сары немесе жасыл түсті де болып келеді. Кейбір мұнай өнімдері жағымды эфир иісін берсе, ал кейбіреулерінің иісі жағымсыз скипидар және камфор иісіне сай келеді, бұл олардың құрамындағы күкіртқұрамды компоненттердің болуына байланысты. Әртүрлі көмірсутектердің биологиялық және химиялық қасиеттері де әртүрлі болып келеді. Сондықтан да қоршаған ортаға мұнай компоненттерінің әсерін бағалағанда берілген мұнай өнімінің құрамын білу керек.
Мұнайдың жылу сыйымдылығы өте жоғары – 43000 кДж/кг құрайды, ал мұнайды қайта өңдеу