Эротические рассказы

Қолданбалы химия. Роза РыскалиеваЧитать онлайн книгу.

Қолданбалы химия - Роза Рыскалиева


Скачать книгу
да түсе беруі сулы ағзадер түрлерінің санының қысқаруына, ал кейбір жағдайларда – толық жойылуына әкеледі. Кейбір мұнай өнімдері өте улы келеді, олардың трофикалық тізбекте жинақталуы адам үшін өте қауіпті. Көл суларының мұнай өнімдерімен ластануы су өсімдіктеріне және жүзетін құстарға үлкен қауіп төндіреді. Сонымен қатар, су қоймаларының беткі қабатында түзілетін мұнай қабықшалары атмосфера мен су арасындағы газ, ылғал, жылу және энергия алмасуын бұзады. Су бетіне түскен мұнай үлкен аудандарға шамамен 150 – 1000 л/км2 дейін жайылады. Мұнай мөлшері 0,2 – 0,4 мг/л құрайтын судан керосин иісі шығады, бұл иісті суды хлорласа да, сүзсе де кетпейді.

      Мұнай мұхитқа түскен соң желдер, ағымдар, толқындар әсерінен жайыла бастайды. Мұндай булану, еру, тірі ағзаларға сіңіру және тұнбаға тұндыру сияқты үдерістер нәтижесінде мұнай құрам бөліктерінің ыдырауы мен трансформациялануы салдарынан мұнай құрамы үнемі өзгереді. Мұнайдың барлық түрлері тез буланатын жеңіл қайнайтын компоненттерден тұрады. Бірнеше күн ішінде мұнай дағының 25 % булану нәтижесінде жоғалады. Төмен молекулалық компоненттер мұнай дағынан негізінен еру нәтижесінде (5 %) шығарылса, оның ішінде бірдей температурада н-парафинге қарағанда ароматты көмірсутектер тез ериді. Қайнау температурасы 3700С-дан жоғары мұнайдың ауыр фракциялары беткі қабатында қалып, жаймен нығыздалып, уақыт өте келе түбіне тұнады. Ыдырамайтын және тұнбаға түспейтін мұнай қалдықтары су бетінде шайырлы дөңгелекшелер түрінде табылады. Мұнай компоненттеріне бактериялардың биохимиялық әсері неғұрлым ауқымды және булану мен еру үдерістерімен салыстырғанда әртүрлі заттарды қамтиды. Алайда мұнай компоненттерінің барлығын бұзуға мүмкіндігі бар қандай да бір микроағза жоқ. Бактерия әсерінен мұнай көмірсутектерінің көптеген айналымдарын төмендегі үдеріспен сипаттауға болады:

      Н3С(СН2)nCH3 + O2 → H3C(CH2)n-1COOH + CO2 + H2O

      Мұнай көмірсутектері де химиялық тотығу және фото-тотығу процесіне ұшырайды. 4 л шикі мұнай толық тотығу үшін 600С-да ауамен қаныққан 1,5∙106 л теңіз суындағы О2 қажет екені есептелген; бұл ауданы 0,5 ∙ 104 м2 тереңдігі 30 см болатын теңіз суының мөлшеріне тең. Булану, еру, тұну, биологиялық және химиялық тотығу нәтижесінде мұнай қабықшасымен жабылған ауданның кемуі теңіздер мен мұхиттардың өздігінен тазару қабілеті бар екенін көрсетеді, бірақ бұл мүмкіндіктер шексіз емес.

      Жер серігінен бақылаулар бойынша мұнай қабықшасы 36-54 млн км2 немесе Әлемдік мұхит бетінің 10-15 %-на дейін қамтиды. Бұл қабықша өте тұрақты болып келеді, ол мұхит пен атмосфера арасындағы су және газ алмасуын бұзады, фотосинтез үдерісін тежейді, су бетінде жарық және температуралық жағдайды өзгертеді. Мұнай қабатының астындағы жарық қарқындылығы 90 %-ға төмендейді, ал су булануы 60 %-ға азаяды. Төгілген мұнайдың бір тоннасы мұхитты шамамен 12 км2 ластайды және ондағы барлық тіршілікті жоя алады. Егер мұхиттың ластануы жалғасатын болса, онда ол оттек, көмірқышқыл газы және су айналымдарына өз әсерін


Скачать книгу
Яндекс.Метрика