Эротические рассказы

Өмір – сынақ. Анар МешимбаеваЧитать онлайн книгу.

Өмір – сынақ - Анар Мешимбаева


Скачать книгу
Олар көзге көрінбеуі тиіс. Бірақ, мен оларды көремін. Пәтерде отыра беру мүмкін емес. Сыртта қыдыру – үнемі бақылауда болу деген сөз.

      Таңертең – Агенттікке жұмысқа келу. Күндіз – Үкіметте жиналыстар, санақ қорытындысы бойынша Ақпараттық-есептеу орталықтарымен жұмыс істеу, тұрақты түрде – Қаржы полициясына тергеуге бару. Сыртымнан бағып тұратын жұрттың көзқарасын байқаймын. Қызығып, абайлап, таңғалып, қорқып, аяп, сенбей, жаны ашып қарайды. Өзімді күтіп, бағып, жақсы жүріп-тұруым керек. Байсалды болуым қажет. Менің қазіргі ұсқыныма Агенттіктің бүкіл жұмысы тәуелді. Менің саспай, сабырлы жүргенім түрмедегі екі орынбасарыма жетеді деп ойладым – олардың да жүректері орнына түссін.

      Жылауға болмайды. Көзім ісіп кетеді. Ұйқы қашты. Тамақ іше алмаймын. Пәтерде де тыңдайтын құрылғы болуы мүмкін.

      «Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын» деген мақалға көзім әбден жетті.

      Менің достарым

      Менің жүз досым жоқ. Одан аз. Бірақ, олар адал дос.

      Екі орынбасарым тұтқындалған соң апайым қасыма өзінің қызын жіберді. Немерелес сіңілім. Университетті енді ғана бітірген жас қыз. Аяқ астынан мен күтпеген батылдық әрі қайсар мінез танытты. Оның жастығы, қолдауы, достарының көмегі 2009-жылдың жазын өткеруіме көп септесті.

      Жақын құрбым: «Біздікіне көшіп кел», – деді. Тату-тәтті отбасының ортасына барып үрей мен күдікті сепкім келмеді. Олар күнде кешке таман маған келіп, тамақ ішкізіп кететін. Бүкіл отбасын ертіп келіп, мені серуендеуге шығаратын. Кішкентай қыздары тәтті қылықтарымен күлдіретін, сондайда қиындығымды бір сәтке ұмытып кетуші ем.

      Достарым келіп тұрды. Бәрі де тәулік бойғы бақылаудың бар екенін білді. Дәмханаларға апарып түстендіретін, көңілімді аулайтын. Батыл жандар ештеңеден үрікпейді. Солардың тең жартысы – түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер. Бірақ, олар «біз туралы не ойлайды» деп шошымады. Адалдықтары үшін алғысым шексіз.

      Шын бақыттың дәмі қандай?

      2009-жылдың жазын орталап қалған кез. Таңертең қызметтік көлікпен жұмысқа бара жатқанмын. Бағдаршамда кішігірім жүк көлігінің қасына кеп тоқтадық. Күн шығып, керемет боп тұрған. Жүк көлігінің жүргізушісі жас жігіт терезеден басын шығарып отыр. Бетіне қарадым. Бақытты жүзін көрдім. Осы жігіттің орнында болғым кеп кетті. Ескі жүк көлігін жүргізетін жас жігіт – мемлекеттік қызметтің ауыр жауапкершілігін сезінбейтін еркіндік. Бақыт деген – жанның тыныштығы.

      Кешке таман сол жігіт туралы сіңліме айттым: «Ойында дым жоқ, бақытты боп отыр еді…». 2009-жылдың жазында сәт сайынғы мемлекеттік-құқық қорғаушылар қысымынан кейін мұндай алаңсыздықты көру ғажайып болып еді.

      – Әркімнің өз өмірі бар, көңіл күйі жақсы болған шығар, – деді менің кішкентай ақылды сіңілім.

      Тұтқындау, тергеу, тың тыңдаулардан кейін сондай бақытты адамды көру жарық күнді көргенмен тең еді. Алғаш Астанаға келгенде жасыл жапырақты жаздың ортасында бір-ақ байқағам. Сол секілді. Ол кезде күні-түні жұмыс істей беретінбіз. Көктем қалай өтіп кеткенін байқамай қалыппын. Негізі алты ай қыстан соң табиғаттың


Скачать книгу
Яндекс.Метрика