Өмір – сынақ. Анар МешимбаеваЧитать онлайн книгу.
ақырына жетпеді. ПӘ істеп жүргенімде бюджеттік жоспарлауды реформалау тәжірибелерін зерттеу тобымен бірге бюджеттік жүйесі тиянақты елдерге барып көргенмін. Сол елдердің тәжірибесі бойынша бізде де үш жылдық жылжымалы бюджет қалыптасуы тиіс еді. Яғни, бір жыл бойы жүргізілген іс-шара келесі жылға автоматты түрде (бұл қылмыс болып саналмайды) көше береді. Бір бағдарламаның ішінде қаржы қайта бөлініп (бұл да қылмыс емес) қарастырылады. Біздің елде үш жылдық бюджетті бекітті. Сонымен реформа бітті.
Актілерге желтоқсанда қол қойғаным да қылмыс болып шықты. Біздің бюджеттік жүйе заң бұзушылықты жасау үшін арнайы ұйымдастырылған сияқты. Неге өнім кешігіп жатса, актілерге қол қоюды келесі жылға заң жүзінде жылжытуға болмайды? Не сен жұмыс істейсің, не нұсқаулық бойынша қарап отырасың. Бюрократиялық жүйе адам амалсыз заң бұзатындай етіп жасалған.
Біржанның Агенттіктегі басты міндеті – ақпараттық технологиялар еді. «Халық санағы мен тұрғынүй қоры» іс-шарасында Біржан деректердің тек электронды өңдеуіне ғана жауапты еді. Санақ департаментінің дайындық жұмыстары созылып кеткендіктен, осы департаментпен жауапты хатшының нашар коммуникациясынан соң, Біржанға Санақты «құтқаршы» деп мен өзіне қатысы жоқ уческені басқаруын өтінген едім. Өзім де санақтың сауалдары мен санақ жүргізушілердің нұсқаулығын реттеуге қатыстым.
Ол санақ бланктеріне тапсырыс беретін тендердің техникалық тапсырмасын даярлаған. Оны сол үшін тұтқындап, соттады. Екі жарым жыл қарқынды жұмыс істеп кеп, марапатына – бес жыл түрмеге отырды.
Менің Канададан келгеніме бір апта өткен.
Дүйсенбі күні түстен кейін ол кезекті тергеуге кеткен. Сол жерден смс жазды: «Қаржы полициясы Баятовты тұтқындағаны туралы ақпаратты БАҚ-қа жариялапты».
Бұл өте жаман хабар еді. Санақты өңдеу әлі жүргізіліп жатқан. Қорытынды нәтиже әлі жарияланған жоқ. Мұндай хабар ел ішін дүрліктіріп, санақтың қорытындысына күдік тудыруы мүмкін.
Ақырында солай болды.
Кешкі жетіде смс жаздым: «Өзің тәуірсің бе?».
Жауап: «Иә».
Келесі күні таңертең сегізінші қабаттағы жеделсатының маңында оның жүргізушісі мені күтіп тұр екен. Бір нәрсе болғанын түсіндім. Жүргізуші жаныма жақын кеп: «Біржанды тұтқындады» деп сыбырлады.
– Қалайша?
– Кешке таман тергеуден кейін босатқан. Түнгі 22.00 қайта шақырып алды. Содан босатпады.
Енді менің екі орынбасарым да тұтқындалды.
Президентке жазған бірінші хатым
Екінші орынбасарымды тұтқындаған соң жағдай мүшкіл бола бастады. Қызметкерлер дәлізге шықпауға тырысатын. Бәрі өз кабинеттерінде отырады. Агенттіктің ұзын дәлізінде өлі тыныштық орнады. Ең көңілшектері арасында жылап алады.
Күн сайын Агенттікті аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргіздім. Өңірлік кеңселердің басшыларына ішкі пошта арқылы хат жаздым. Қызметкерлердің көңіл күйін қадағалаңдар, қолдаңдар, санақтың қорытындысын бітіру керек дедім.
Осы уақытқа дейін Премьер-министрге кіріп шыққанымнан бірдеңе өзгереді