Бақыт жолы. Олжас СеитовЧитать онлайн книгу.
САЛАСЫНДА әр түрлі эмоцияларды бастан кешеміз. Яғни, адам жұмысында өте байсалды болуы мүмкін, ал достарымен әңгімешіл болады, үйде болса, тіптен түсініксіз басқа күйде болуы мүмкін. Негізі бұл, солай болуы тиіс кәдімгі жайт. Барлығымызда да сәтсіздіктері мен қысымдары аз болатын өмірдің салалары бар, сондықтан бұл салаларда өзімізді мейлінше бақытты сезінеміз. Егер бір ер адам әрдайым футболдың үздік ойыншысы болған болса, ол 35 жасында, қызығы жоқ жұмысы мен отбасындағы ұрыс-керістерге қарамастан, достарымен футбол алаңында ойнауға шықса, кенеттен қуаныш пен энтузиазмға дейін көтерілуі мүмкін. Немесе егер тұрмыстағы жас қыз әжесінің ең сүйікті немересі болған болса, күйеуімен арасындағы проблемалар мен ауыр жұмыс аптасынан кейін, әжесіне барып уақыт өткізгені эмоциясын өте жоғары деңгейге көтеріуі мүмкін. Басқаша айтқанда, адам жұмысына бейтарап қарауы, достарына қастық, ақшаға немқұрайдылық, хоббиіне көтеріңкі көңіл және көлік жүргізуге қорқыныш сезінуі мүмкін. Сондықтан, сіз адаммен «алыстан» араласқанда, жалпы алғанда, оны орташа деңгейдегі эмоцияда көре аласыз, ал онымен жақынырақ араласқанда, оның осы орташа эмоциядан жоғары да, төмен де күйін көресіз. Бұл кәдімгі жайт.
Екінші нюанс – күні бойы біз ТҮРЛІ ОҚИҒАЛАРҒА байланысты бір эмоциядан екіншісіне АУЫСА АЛАМЫЗ. Әрбір кішігірім жағдай да бізді шкала бойынша төмендетеді не көтереді. Мысалы, таңертең сіз бейтарап күйде оянуыңыз мүмкін. Кофе ішкен соң ақыл деңгейіне көтерілесіз. Ұйықтап жатқан балаларды көріп, сіз махаббат деңгейіне көтірілдіңіз. Ал кейінірек валютаның девальвациясы туралы жаңалықты оқығанда, қорқыныш деңгейіне құладыңыз. Содан соң кептелісте апатияға түстіңіз. Ал жұмыста жалақы алғаннан кейін бейтараптыққа көтерілдіңіз. Бұлар да кәдімгі жағдайлар. Біз үнемі ағартушылық күйінде болуды мақсат етпеуіміз керек. Осындай мақсат қойған адамдардың түсінігі қате деп айтуға болады. Егер үнемі эйфория, ағарту мен махаббат күйінде болатын болсаңыз, міне осыны қалыпты жағдай, кәдімгі жайт деп айта алмаймыз. Бұл ессіздіктің белгісі болар еді. Досыңыз сізге анасының қайтыс болғанын айтты делік. Осыдан кейін ағартушылық күйінде қалу есінен адасқандықты білдіреді ғой. Сондықтан түсінуіңіз керек басты нәрсе – сізде жан дүниеңіздің күйін тез қайта қалпына келтіре алатын қабілет бар әрі шкала бойынша жылдам көтеріле аласыз. Бар болғаны осы. Бұл пейнхантингтің түпкі мақсаттарының бірі.
Үшінші нюансқа көшейік. Біз БІР МЕЗГІЛДЕ БІРНЕШЕ ЭМОЦИЯНЫ сезінуіміз мүмкін. Егер сіз сезімтал адам болсаңыз, кейде адам бір мезгілде аралас эмоцияларды бастан кешіретінін байқаған шығарсыз. Мысалы, біреу балаға ұрысып айғайлап тұрып, сол сәтте айғайлағаны үшін өзін кінәлі сезініп тұруы да мүмкін. Нәтижесінде ол абдырап қалады, бақытсыз болады, оның көңіл-күйі де «шайқалады». Немесе, мысалы, университет бітірген жас түлек бір жұмысқа қабылданғаны туралы жаңалықты естиді, осы сәтте ол көптеген эмоцияларды бастан кешіреді: шаттық, қорқыныш, қуаныш және тіпті ұятты сезінеді. Нақтырақ айтсақ,