Бақыт жолы. Олжас СеитовЧитать онлайн книгу.
орналасуы) бар. Адамдар бұл туралы аса ойлана бермес, негізі олардың барлығын бақыт пен бақытсыздық деңгейі бойынша жалпы бір шкала етіп қатарластыруға болады.
Эмоциялардың әр түрлі шкаласы бар. Мысалы, біз әр эмоцияның күшін көрсететін Дэвид Хокинстің «Сана-сезім картасына» қарай аламыз. Сонымен, шкаланың ең төменгі жағында – ұятқа қалу, маскара болу эмоциясы, ал ең шыңында – жадырау тұр. Мен сізден осы картаны және эмоциялар иерархиясын мұқият қарауды сұраймын. Бұл шкала бойынша толық бақытқа «жадырау» деп аталатын ең жоғары деңгейде болғанда қол жеткізуге болатынын анықтай аласыз. Ал ұятқа қалған кезде сіздің бақыт деңгейіңіз нөлге тең. Ашуланғанда, кішкене ғана бақыт болады, ал қайғыда бақыт мөлшері одан да аз. Бұл ойды бірден қабылдау қиын болар, бірақ уақыт өте келе оның дұрыстығына көз жеткізетін боласыз.
1 Кесте. Эмоция шкаласы (Дэвид Хокинстың сана-сезім картасы)
Тағы мынадай қорытынды жасауға болады – азап шегу мен жағымсыз бейнелер неғұрлым көп болса, эмоцияңыз соғұрлым төмендейді. Керісінше, бақыт пен позитивті бейнелер көп болған сайын, сіз осы шкала бойынша жоғары деңгейге көтеріле бересіз.
Кейінгі тарауларда біз осы жағдайлардың кейбірін толығырақ қарастырамыз. Ал әзірге бақыт деңгейіміз осы шкаланың қай деңгейінде тұрғанымызға тікелей байланысты екенін түсіну жеткілікті.
Түсінуіміз керек келесі жайт – негізі біз осы шкаланың айтарлықтай жоғары деңгейіндегі күйінде дүниеге келеміз, бірақ уақыт өте келе өмірдегі жағдайлар, сол деңгейімізден бізді түсіре бастайды. Қарапайым тілмен айтқанда, санамыздағы жарқын бейнелерді жоғалтқанда, біз осы шкаламен төмен түсеміз, ал жарқын бейнелер орнап не оларды жасағанда жоғары көтерілеміз.
Алдыңғы тараудағы кішкентай қыз туралы мысалды алайық. Мен сізге айтылған теорияны түсінуіңіз үшін осы мысалды кестеге қарап талқылауды ұсынамын. Кішкентай қыз қабырғаға сурет салғанда, қуаныш пен гармония не махаббат күйінде болған шығар. Бұл шкала бойынша айтарлықтай жоғары деңгей. Анасы дауыс көтергенде, қыз ақыл деген деңгейге түсіп, не болып жатқанын талдай бастады. Содан кейін, анасы оны басынан ұрғанда, бала тағы бір-екі деңгейге, мүмкін «бейтараптыққа» дейін төмендеген болар. Анасының «ақымақсың» деген сөзінен кейін, бала ашу күйіне тағы төмен түседі. Ал анасы бұйрықпен: «Енді қайтып бұл қабырғаға тиісуші болма» дегенде, қыздың эмоциясы қорқынышқа түсіп кетеді. Ал фломастерді қолынан алып қойғанда, бала мұңаюға дейін төмендеп, жылай бастайды…
Егер анасы мұнымен шектелмей, тұсқағазды бүлдіргенін айтып қызын кінәлай бастаса, баланың эмоциясы шкала бойынша одан сайын, апатияға дейін, кейін өз-өзін кіналауға дейін төмендеп кетеді. Ал әрі қарай, ұятқа қалуға дейін барады.
Бір сөзбен айтқанда, өмірдің әрбір «соққысы» бізді осы шкала бойынша төмендетеді, сондықтан жан дүниесі өте жоғары деңгейде дүниеге келген бала, уақыт өте келе сол деңгейден төмендей береді және біртіндеп қартайған шағына дейін апатияға, сарыуайымға,