Эротические рассказы

Бақыт жолы. Олжас СеитовЧитать онлайн книгу.

Бақыт жолы - Олжас Сеитов


Скачать книгу
да, қыңырлықпен орындай беретінін түсіндік. Біз бұл бағынышты қызметшілерді қауіпсіздік және даму қызметтері деп бөлуге болатынын және біздің барлық проблемаларымыз, қиындық болмауы керек жерден, қауіпсіздік қызметінің ақымақ жұмысының кесірінен туындайтынын түсіндік.

      Ал енді корпорация, қажетсіз команданы орындайтын осы бағынышты қызметшілердің пайдасыз, тіпті зиянды әрекеттерінен зардап шекпеуі үшін, не істеуіміз керектігін қарастырайық.

      Мүмкін, не істеу керектігін түсініп те қойған боларсыз. Дұрыс шешімі – сол қиындық тудырып тұрған қызметшіні табу, оны жұмыстан босату не оған басқа функцияларды тапсыру. Сонда ғана түпсана бос, пайдасыз ойларға кететін энергияның артық мөлшерде жұмсалуынан, асыра ойлап, қорқынышқа тым берілуден және өткенді еске түсіріп уайымға салынудан босатылады. Бұл біз үшін нені білдіреді? Біз осы әркеттерді өз түпсанамызбен қалай жасай аламыз?

      Тура корпорациядағыдай! Біз түпсанамызда не нәрсенің дұрыс болмай жатқанын іздейміз. Теріс тұжырымды табамыз, өйткені барлық проблемаларымыз соның салдарынан болып отыр. Өмірімізде осы жағымсыз ұстанымды санамызға қашан орнатқанымызды анықтаймыз. Осы ұстаным пайда болған оқиғаны, жан азабынан арылу мақсатында, қайта қарастырамыз. Сол кезде түпсана пайдасыз әрекеттер, ойлар мен эмоциялардан босатылады. Сонымен қатар дене де, лас жасушалар мен жағымсыз энергиядан арылып, жаңарып, жасарады да, күш-қуаты артады.

      Түп-тамыры болып табылатын оқиғадағы жан ауруын қалай жою керектігін үйренейік. Біз жан ауруын жоюдың бір әдісін зерттеген болатынбыз. Бұл – жан азабы толықтай жойылмайынша және күйіміз эмоциялар шкаласымен өте жоғары деңгейге көтерілмейінше оқиғаны бірнеше рет қарастыру. Ал қазір жан ауруын жоюдың одан да күштірек әдісімен бөлісейін. Кітаптың осы бетін ерекше түрде сақтап қоюыңыз керек, өйткені мен сізді пейнхантингтің жүрегімен таныстырмақпын.

      Мен бұл әдісті қарама-қарсы жағдайлар әдісі деп атадым немесе қысқаша айтқанда – ҚЖ әдісі.

      Бұл әдістің мәні неде? Сіз ауыр жағдайға тап болған «қызметкеріңізді», сол оқиғаға қайта әкелу арқылы түпсанаңыздағы тұжырым мен ұстанымды өзгертесіз, бірақ сіз оны оқиғаның керісінше болып жатқанына сендіруіңіз керек. Сонда кезінде теріс қорытындыға келген «қызметкер», жаңа позитивті ұстанымдарды жасайды. Бәлкім сіз: «Мұның таң қалдыратын несі бар, бұл туралы жүздеген бизнес-тренерлер айтады ғой және бұған визуализация мен аффирмация арқылы оңай қол жеткізуге болады емес пе?» дерсіз. Жоқ, олай емес!

      Қазір сізге түпсанамызда шешуші рөл атқаратын негізгі нюансты түсіндіремін.

      Сіз жақын адамыңыздан, айталық, әжеңізден айырылудың қайғысын бастан өткердіңіз делік. Сол кезде сіз: «Адаммен жақын қарым-қатынаста болу қауіпті, өйткені одан айырылу ауыр соғады» деген тұжырым жасадыңыз. Бұл «функцияны» түпсанаңыздағы «бағынышты қызметшіге» тапсырдыңыз да, бұл жайлы ұмытып қалдыңыз. Ал енді осы жағдайды түзету үшін, осы қызметшіні тауып, онымен «әңгімелесу»


Скачать книгу
Яндекс.Метрика