Бақыт жолы. Олжас СеитовЧитать онлайн книгу.
Сондықтан біз одан жақын адамынан қашан айырылғанын сұраймыз. Я болмаса, қашан біреуге қатты сенім артқанын сұрап білеміз. Немесе: «Жақын қарым-қатынасқа түссеңіз, қандай жамандық болуы мүмкін?» деп сұраймыз. Сонда түпсана өзінің ақымақ тұжырымдарын бірінен соң бірін шығара бастайды да, бір сәтте әжесімен болған оқиға пайда болады. Ол, немересінің бар қателігін, қылығын кешірген, қолдап көмектескен әрі еркелеткен әжесінен айырылудың қаншалықты ауыр тигенін айта бастайды. Байқадыңыз ба, түпсанадағы жақын қарым-қатынастан қорғауға жауапты белгілі бір «қызметші» байланысқа шықты. Ал енді біздің міндет – осы «қызметшіні» қайта сендіру! Бұл үшін не істеу керек?
Біз бұл қызметшіге әженің әлі де тірі екенін сезіндіруіміз керек! Бұл абсурд болып көрінуі мүмкін. Бірақ менің түсіндірмелеріме мұқият ден қойыңыз. Бұл «қызметкер» жәй ғана әжені тірі деп елестеткенде, барлық «қаруын» түсіреді! Ол қарым-қатынас қауіпті деп «ойлауды» доғарады. Тұйық болмай, босаңсып, зиян тигізуін тоқтатады. Яғни қарама-қарсы жынысты адаммен араласа бастайды, өзгенің жан дүниесіне қызығушылық танытады. Ол барлық қисынсыз нанымдарды, көзқарастарды, дене блоктарын, жағымсыз эмоцияларды тастайды, өйткені енді жан ауру жоқ!
Келесі бір нюансты көрейік. Сіздің қызметшіңіз қарсы оқиғаны бірден елестетіп кетпейді! Мұны бірнеше рет жасау керек. Неліктен? Өйткені әжесі қайтыс болғанда, сегіз жасар бала көптеген жағымсыз ұстанымдарды жасаған болатын. Алғашқы минутта ол, енді ойыншық ойнайтын ешкімім жоқ деп ойлаған болар. Келесі минутта біреу әжем сияқты ауырып қалса, оны да осылай жоғалтамын деген тұжырымға келген шығар. Ал кейін, әжеме көбірек көңіл бөлуім керек еді, оның мазасын алып абыржытпауым керек еді, сонда бұл оның ұзағырақ өмір сүруіне әсерін тигізер еді деп ойлаған шығар. Бірнеше күннен кейін, жағымсыз жағдайға тап болған ол, енді қиындықтарын айтып шағымданатын, проблемаларымен бөлісетін ешкімі жоқ екенін түсінеді. Осыдан түсіндіңіз бе, бір оқиғамен байланысы бар өте көп «бағынышты қызметшілер» болады! Сіз олардың әрқайсысымен жұмыс істеуіңіз керек! Сондықтан да түпсанаға жәй ғана «әже тірі деп елестет» деп айтсаңыз, ештеңеге қол жеткізе алмайсыз. Мұны бірнеше рет жасауға тура келеді.
Сонымен қатар, тек жағымсыз эмоцияларға жол беретін болсаңыз, айтарлықтай нәтиже болмайды. Теріс пікірдегі «қызметші» шексіз күңкілдей беретін әрі өзінің теріс ұстанымдарынан арылғысы келмейтін болады.
Сондықтан да ҚЖ әдісінің тағы бір артықшылығы – сіз қауіпсіздік және даму қызметтері арасында үлкен келіссөз ұйымдастырасыз.
Дамыту қызметі жарқын сезімдер туралы, ал қауіпсіздік қызметі жағымсыз сезімдер туралы «айта бастайды»! Сіз осы екі қызметтің арасында нағыз пікірталас ұйымдастырып, соңында «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАМАНДЫҚТЫ ЖЕҢЕДІ» деген ұлы шындыққа көз жеткізесіз.
Қауіпсіздік қызметі бірте-бірте өзінің қатал болғанын және теріс тұжырымдарын тым қыңырлықпен ұстанғанын түсіне бастайды. Ал дамыту