Эротические рассказы

Бақыт жолы. Олжас СеитовЧитать онлайн книгу.

Бақыт жолы - Олжас Сеитов


Скачать книгу
кезінде дұрыс шешім қабылдайды, бұл оны одан да күштірек әрі мықтырақ етеді. Демек біз қиындық пен азаптың өзінен емес, оны жеңудің арқасында мықты боламыз! Бәрі де қиындық көріп азап шегеді, бірақ тек жүзден бірі ғана оны жеңіп шығады. Сіз қиналып азапталудың өзінен емес, оны жеңе білуді үйренгеннен сенімділікке, мол тәжірибеге және болашаққа деген берік сенімге ие боласыз! Білім, ұғымталдық, еңбек пен өмірлік күш-қуаттың арқасында сіз жеңімпаз бола аласыз!

      Басқаша айтқанда, футболшыны жақсы ететін доп емес, оның ұмтылысы, еңбекқорлығы мен жақсы футболшы болуды армандағаны. Бұл орайда себеп пен салдарды шатастырып алмаңыз. Боксшыны шебер ететін жағына тиген өте ауыр соққылар емес, дұрыс техниканы қолданғаны, жеңіске жету арманы және жетістікке деген құштарлығы. Басшыны мықты ететін жүздеген банкротқа ұшырағаны емес, жүздеген компанияны өркендеуге жеткізе алғаны. Бұл ерекше жайтты есте сақтағаныңыз абзал. Егер достарыңыздың кейбірі болашақта бақытты болудың кілті – қиналып азап шегуде екеніне сенімді болса, оларға міндетті түрде осы тарауды оқуға беріңіз. Ақыл-ойды іске қосып ой жүгіртіп көрсін. Сонда азап шегу бізге дамуға көмектеседі деген пікір қайдан шықты?

      Бәрі өте қарапайым. Сіз қиналған кезде, жақындарыңыздың кейбірі сізге қалай көмектесерін білмей, өздерінің «даналық қоржынынан» былай деп жұбатады: «азап пен қиындық бізге сынақ үшін беріледі», «Қиындық бізге алға басуға көмектеседі» және т. б. Жоғарыда айтқанымдай, мыңдаған жылдар бойы адамдар жан жараларын қалай емдеуге болатынын білмеді, бірақ олар осындай жұбанышты сөздерді ойлап тауып, емдеуге тырысқан. Мұндай сөздерді естігенде, сіз оларды шындық ретінде қабылдайсыз, сөйтіп өзіңізге: «Бұл қиындықты қалайша алға қарай дамуға айналдыра аламын?» деген сұрақты қойып, шығудың жолын тауып, алға жүре бастайсыз. Негізі бұл сөздер шындыққа сай келмейді. Ол тек ой-санаңызда «Бұл сынақтан шығудың жолын ойластыр, себебі Құдай бұл сынақты өсіп-өркендеуім үшін берді» деген ойынды қосты. Енді назарыңыз азаптан құтылудың жолына аударылды, және шынымен де азаптан құтыласыз, содан кейін болашақта сіз бұл оқиғаны басқаларға айтып, пікіріңізбен бойыңызды мақтаныш кернеп бөлісесіз, «Егер бақытсыздық көмектеспегенде бақыт та болмас еді» дегенді айтасыз.

      Егер сіз бір кездері депрессияның ауыр түріне ұшыраған болсаңыз, мұндай жұбанышты сөздердің сізге көмектеспегенін білерсіз. Егер бұл жұбанышты сөздер шындыққа жақын болса, ол сізді әрқашан депрессиядан «көтереді» деген сөз. Бірақ егер көмектеспесе, шындыққа сай болмағаны, мұны түсінген боларсыз. Демек, «қиындық пен азап бізге өсіп-өркендеуге көмектеседі» деген сөздер, сізде әлі де өмірлік күш-қуат мен әрі қарай өмір сүруге деген ықыласыңыз болған жағдайда ғана, яғни жағдайыңыз аса ауыр болмаған кезде ғана сізді көтереді. Ал егер күш-қуатыңыз нөлге тең болса, онда мұндай жұбанышты сөздерден келіп-кетер пайда жоқ.

      Адамдардың азап шегу пайдалы дегенге сенімді болуларының тағы бір себебі – азап пен тәжірибені шатастырып алуы.


Скачать книгу
Яндекс.Метрика