Эротические рассказы

Бақыт жолы. Олжас СеитовЧитать онлайн книгу.

Бақыт жолы - Олжас Сеитов


Скачать книгу
бола түсті. Оның түпсанасы, бұл жағдайдың қабырғаға сурет салып, түсқағазды бүлдіргені үшін анасы оны ақымақ деп атаған кездегі жағдаймен ұқсастығы бар деп қабылдады. Түпсанадағы осы ақаудың кесірінен анасы сол күні еш жаман әрекет жасамаса да, ол сол сәтте анасына ашулана бастайды!

      Сонымен, қандай жайттар анық болды?

      Мынадай маңызды 4 элемент анықталды:

      1) баланың болған жағдайға реакциясы, бір сөзбен айтқанда, оның ЭМОЦИЯЛАРЫ, немесе, кейінірек түсінетініңіздей, оның бақытты болу деңгейі;

      2) баланың санасында пайда болатын ОЙЛАРЫ, көзқарастары мен тұжырымдары;

      3) ДЕНЕ сезімі, ондағы өзгерістер. Бұл бұлшықет, гормоналды, жүйке жүйесінің күйі мен саулығын және т.б. физикалық проблемаларды қамтиды.

      4) болашақта баланың мінез-құлқындағы проблемаларға және жүріс-тұрысына әсерін тигізетін ЖАДЫНДА сақталған бейнелер.

      Бұл төрт элементтің әрқайсысының ғылыми түсіндірмесі бар, оларды дәл болжауға және бақылауға алуға болады. Осыларды біле отырып, бақытты әрі өте қабілетті баланы тәрбиелей аласыз. Айналаңыздағы жайттарды өз бақылауыңызға ала аласыз. Ең бастысы, ӨЗІҢІЗДІ және ішкі дүниеңізді анағұрлым жақсы түсіне аласыз! Тағы да маңыздысы, өзіңізді жақсы жаққа өзгертуді үйренесіз, анағұрлым бақыттырақ әрі табысты боласыз, осылайша өміріңізді ғажапқа айналдырасыз.

      Ыңғайлы болу үшін біз бұл төрт элементті ВЕКТОРЛАР деп атаймыз. Пейнхантинг бізге барлық төрт вектор бойынша өзгеруге көмектеседі. Оларды оңай есте сақтау үшін мыналарды білдіретін «ДОСЕ» аббревиатурасын қолданамыз:

      1) дене;

      2) ой;

      3) сезім (эмоция);

      4) есте сақтау (жады).

      Бұл төрт вектордың маңызы өте зор. Өмірімізде жақсы не жаман жағдай болғанда, біз көрсетілген барлық векторлар бойынша өзгереміз. Және бұл өзгерістер негізі қатар жүреді. Мысалы, егер бір нәрсе бізді қатты қуантса, бізде жағымды эмоциялар пайда болады да, денеміз босаңсып, денсаулығымыз жақсарады. Осы кезде ойларымыз да тынышталып, оптимистік болады, ал жадымызда тек ашық та жарқын бейнелер пайда болады. Ал керісінше, егер сіз апатияда болып, сарыуайымға салынсаңыз, денеңіз сау болмай, ойларыңыз тек өлім мен өмірдің пайдасыздығы туралы, ал жадыңызда тек қайғылы және қараңғы бейнелер болады.

      Әрі қарай жұмыс жасауға көшкенде, сізге осы векторларды үнемі қадағалап отыруыңыз қажет болады. Жан дүниеңіз бақытқа неғұрлым көп бөленген сайын, денеңіз, эмоцияларыңыз, ойларыңыз бен естеліктеріңіз соғұрлым жақсы күйде болады.

      Келесі тарауларда біз осы төрт вектордың әрқайсысының қалай жұмыс істейтінін, яғни механизмін қарастырамыз. Ендеше, үшінші «С» векторынан бастайық, себебі ол негізгі вектор болып табылады. Эмоциялар – біздің психикалық денсаулығымыздың негізгі көрсеткіші, ал қалған векторлардың барлығы осы вектормен тығыз байланысты. Сондықтан алдымен эмоцияны, содан кейін ойды, есте сақтау мен денені қарастырғанымыз


Скачать книгу
Яндекс.Метрика