Эротические рассказы

Егер осы болмағанда сен міндетті түрде бақытты болар едің. Нелли ДавыдоваЧитать онлайн книгу.

Егер осы болмағанда сен міндетті түрде бақытты болар едің - Нелли Давыдова


Скачать книгу
«ағару», біреу «көтерілу» ал біреулер «саналылық»деп атайды.

      Бұл ояну деп аталады – шынайы өмірде болу және оны иллюзиялық ойда емес, барлық қызықтарымен сезіну. Әрине, осыны бәрі армандайды, бұны мәңгілік өмір және шексіз энергия деп айтуға болады ғой.

      Дәл қазір мен сіздің қарсылығыңызды қосатын тақырыпқа келгенімді сезінемін. Мен сізге кітаптың басында тізіп берген барлық ойлау шаблондарды ақыл-ой алып тастауға тырысады. «Мен не оқып жатырмын? Бұл мүмкін емес». Мен келісемін, егер сіз осылай шешсеңіз, онда сізді ойыңыздан тайдыра алмаймын. Иә – бұл мүмкін емес.

      Әрине, ақылымыз бізді басқа жаққа алып кетпес үшін мен тек теориялық тұрғыдан ғана біздің барлық мәселелерімізді шешуге не көмектесе алатынын сипаттадым.

      Мен сізді әрдайым, бүкіл өмір бойы «осында және қазір» өмір сүре алатындығыңызға сендірмеймін, мен өзім де оны үнемі жасай алмаймын. Менің ойым кейде мені басқарады. Бірақ маған осындай сәттерде болу күннен күнге оңайырақ болып келеді. Әсіресе, бұл сәт мен жаңа әрекеттерді жасаған сайын пайда болады.

      Есіңізге түсіріңізші, балалық шағымызда, осыншама шаблондарды қалыптастырмай тұрғанымызда, біз үнемі тек «осы сәтте» өмір сүрдік.

      Қайтадан «Осында және қазір» сәтінде өмір сүре алатыныңызға күмәнім жоқ.

      Енді бізге осы сәтте өмір сүруге не кедергі екенін түсіну ғана қалды. Бізге өз өмірімізде болуымызға қандай ойлау шаблондары кедергі келтіретінін тауып, оларды өзгерту керек.

      Осы ретте өзгерісті сипаттайтын келесі тарауға көшуді ұсынамын.

      Тағы бір тапсырма беремін: үзіліс жасап, осы сәтте мүмкіндігінше «осында және қазір» осы өмірден ләззат алып көріңіз, дәл қазір қалай өмір сүріп жатқаныңызды, айналаңызда болып жатқанның бәрін сезініңіз, сол кезде өзіңізді қалай сезінетініңізді байқаңыз және, әрине, осы керемет өмір үшін сүйікті өзіңізге алғыс айтыңыз.

      6 ТАРАУ. ТРАНСФОРМАЦИЯ

      Енді біз басымызда не барын және бұл үлгілер неге пайда болғанын, олар бізге осы сәтте өмір сүруімізіді, әрекет етуімізді қалай тежейтінін, иллюзияға алып кететінін және олармен не үшін жұмыс істеу керектігін түсінеміз.

      Біз іс жүзінде мәре сызығына жеттік, енді трансформацияның мәнін және оның алгоритмін түсінуіміз керек. Бірінші ретте түсініксіз және өте қиын болуы мүмкін.

      Мен сізді өте жақсы түсінемін, біз бұл процесті сабақтарда ұжымдық түрде жасаймыз немесе мен консультацияларда шаблондарды өзгертуге көмектесемін, және тіпті елуінші трансформацияланған шаблоннан кейін де әрдайым кеңес беруім керек болады. Бұл процесс оңай емес, уақытты және тәжірибе мен ептілікті қажет етеді.

      Бірақ тәжірибе – бұл тек қайталау процесі, егер сіз тоқтамасаңыз, бәрі ойдағыдай болады, тек жаттығу жасаңыз және қазір қалай болып жатқанын ойламаңыз. Шаблондарды өзгеруде де нақты көрсеткіш жоқ. Біз мұны жай ғана жасаймыз және ол уақыт өте жақсара береді. Әр ойлау әрекеті арқылы біз өз ойымызды кеңейтеміз.

      Ал біреу: «Менде қиял жоқ, көмектесіңіз», – дейді.

      Мен


Скачать книгу
Яндекс.Метрика