Егер осы болмағанда сен міндетті түрде бақытты болар едің. Нелли ДавыдоваЧитать онлайн книгу.
өйткені әрбір ой біз үшін белгілі бір мағынаға ие және бұл күшті қалыптасқан нейрондық байланыс. Мидың бір бөлігін лақтырып тастау мүмкін емес екенін түсініңіз.
Біздің миымыздағы бұл нейрондық байланыстан біз одан құтылуға тырыссақ, әрқашан қарсыласып тұрады, өйткені мидың бұл бөлігі де өмір сүргісі келеді.
Біз бұл бағдарламаға, шаблонға неғұрлым көп қарсылық көрсетсек, соғұрлым бұл ой біздің басымызға еніп, белгілі бір әрекеттерге әкелетін шешімдерді қалыптастырады, осылайша біз бұл ой формасынан бас тарта алмаймыз. Біз одан әрі проблемаларға кіре береміз.
Ештеңеден құтылудың қажеті жоқ, сіз барлық нәрседен өзіңіздің және өзіңіздің жалғасыңыз ретіндегі бүкіл әлемге пайда келтіре аласыз.
Мен қазір мұны сізге емес, сіздің ойыңызға, оны тыныштандыру үшін жазып отырмын. Ақыл үшін ең қорқыныштысы – бұл бір нәрсені жоғалту.
Мысалы біз қолымыздан айрылудан қорқамыз ғой, өйткені бұл біздің денеміздің бір бөлігі. Сондай-ақ, біз бұл дүниеде бір нәрседен айырылып қалудан қорқамыз, өйткені әлем – ол да біздің денеміз, біздің жалғасымыз. Әсіресе, егер біз оған үйреніп қалсақ.
Сондықтан, ақыл-ой үшін «айырылу» – бұл бізді неврозға жеткізетін дүрбелең мен қарсылық.
Егер темекі шегушіге, нашақорға немесе маскүнемге немесе қомағайға немесе тағы басқа біреуге тәуелділіктен арылуды ұсынсақ, тіпті олар өздеріне қандай зиян келтіретінін түсініп, жасырын түрде олай жасамауды армандаса да, олар құмарлығынан арылудан гөрі бізді ұрып-соғуды қалауы мүмкін.
Тіпті бұл нәрсе өмірді қысқартып жатса да, ақыл бәрібір «мен ерекше адаммын және одан құтыла алмаймын, өйткені мен анау, сонау…», – деген сылтау ойлап табады. Бізге тіпті удан айрылып қалудың өзі қорқынышты. Себебі бұл у да біздің бір бөлігіміз, өзіміздің жасырын пайдамыз үшін оған үйреніп қалдық.
Естеріңізге сала кетейін, әлем де және барлық адамдар да бізден бөлек нәрсе емес, бұл біздің жалғасымыз, біздің әлемдегі көрінісіміз, біздің ойлуаымыздың проекциямыз ретіндегі әлеміміз. Біз денеміз таусылған жерден тауысылмаймыз. Оның сыртында да – өзімізбіз. Біз өзіміз туралы ойлағаннан әлдеқайда кеңбіз.
Бірақ ақыл бізді шектеулерге, өзімізді тек денемен шектелуіміз керек деген идеяның «эго шеңберіне» қоюға шешім қабылдады және бізді қалған бүкіл әлемнен кесіп тастады.
Ақыл бізді басқара алмай қалмауы үшін бізге тек көзге көрінетін, катты денемізді ғана сезінуге мүмкіндік беріп қойды. Барлығы күрделі және сонымен бірге өте оңай. Бір күні көптеген адамдар осыны түсінеді деп үміттенемін.
Енді бірдеңеден айырылып қалуға келсек.
Ойлап қараңызшы, біз өз проблемаларымыздан да арылуға қорқып, оларды соңына дейін жібергіміз келмейді. Әрбір мәселенің өз себебі, яғни жасырын пайдасы бар. Егер ол пайдалар болмаса, біз жасаушы ретінде ол проблемаларды дүниеге әкелмес едік, олар бізге бірдеңе үшін керек, бізге бұл мәселелерден түсетін пайда керек. Бәіз өзіміз оларды жасап, жібермей отырмыз.
Мысалы:
Біз