Эротические рассказы

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес ОразбекұлыЧитать онлайн книгу.

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы


Скачать книгу
ыңғай байқатады. Жануар, ол еркелігін иесіне де жасайды. Шыбықтай бұралған тізесімен қағып қалатын да әдеті бар… Сөйтіп жеңіл ойынға, қалжыңға шақырады. Қазақтың „бота қалжың“ деген сөзі осыдан өрбісе керек». (Д. Қонаев, 61.303-304-б.).

      «Бота қалжың» – жеңіл, зілсіз, ойнақы қалжың дегені. Қазақ арасында мұндай қалжың әсіресе достар мен құрдастар, нағашы мен жиен, жезде мен балдыз арасында жиі айтылады.

      БӨГЕЛЕГІ ҚУРАҒАН

      «Қазақта отбасы сөзінің ауыспалы мағынасы – шаңырақ. Қара шаңырақ бүкіл әулетті айғақтайды. Себебі, жоғарғы әлемнен құт-несібе шаңырақ арқылы үйге құйылады. Сондықтан оның тура астына қазан тосылады. Шаңыраққа кепкен төстік, үрген қарын ілінеді. Ертөстіктің анасы сол төстікті жеген соң оны туғандығы ертегіде айтылған. Шаңырақтың күлдіреуіштерін бекіте түсу үшін кесе-көлденең байланатын кесінді ағаштарды бөгелек деп те атайды. Жалпы, көшпелілер түндікті, шаңырақты, бақанды ұрпақтың өмірге келу салтымен көп ұштастырады. Мәселен, бала көтермеген әйелді „бөгелегі қураған“ деп те жазғыратын болған». (А. Тойшанұлы.).

      БӨРІСЫРҒАҚ

      «Ұлы даланы мекен еткен жұрттың әр аймақта әр айда болып өткен уақиғаға байланысты, сол айға қосымша ат таға салуы да болған. Ақпан-Тоқпан әңгімесі соның бір ғана көрінісі деп қарастырған жөн болар. Бұл айдағы бар қазаққа белгілі қыс амалы ақпанның 17-23-і арасында өтетін „Бөрісырғақ“ бораны. Осы боранда даланың көкжалдары жұптасып, 62 күннен соң бөлтіріктерін туады».

      Халық аузында бөрісырғақ боранды-шашынды амалдардың бірі. Бұл амал кезінде боран-шашынмен ұйытқып сырғақ жүреді. Ал сырғақ деп бұршақтан кіші мұзды қар түйіршіктерін айтады.

      БҰҒЫНЫҢ МОЙЫН ЖУАРЫ

      Жауын-шашынды күндер.

      «Қазан айының соңында, қарашаның бас кезінде 5—10 күндік жауын-шашынды кезде бұғы маралмен насай-топыр құрады. Он бес тоғысқа сәйкес келетін бұл амал – «бұғының мойын жуары». (Ж. Кейкін, 42.14—6.).

      «Қазанның 20-жаңасынан Бұғының мойын жуары амалы басталады. Бұл мезгілде бұғының түгі түсіп, әбден семіреді. Мойны жуандайды. Бұрынғылар бұғының осы өзгерістерін негізге алып, осы мезгілді бұғының мойын жуары деп атаған сыңайлы. Тағы бір дерек, бұл атау бұғының тау басындағы қарға мойнын сүйкеп жуғанын мегзейді дейді. Кей өңірлерде бұғының мойын жуандауы деп те атайды.

      Жыл есепшілері бұғының үйірге түсуіне ерекше көңіл бөлген. Егер бұғылар үйірге ерте түссе, қыс аяғы созылады деп топшылаған. Осы амал кезінде бұғылар жарай бастайды, бұл үйірге түсудің алғашқы дайындығы есепті». (7.).

      БҰЛ МЕНІҢ ҚОЛЫМ ЕМЕС,

      ЖАҚЫП ПАЙҒАМБАРДЫҢ ҚОЛЫ

      «Құмалақ бөлу – құмалақты оң қол мен сол қолдың көмегімен үш топқа жіктеу. Құмалақшылардың айтуына қарағанда, қырық бір құмалақ тұтас күйінде киелі саналады. Оны үшке жіктеген кезде бөлінбейміз деп дау шығарады екен. Сондықтан да, оны бөлген кезде, „Бұл менің қолым емес, Жақып пайғамбардың қолы“, – деп бөлу керек дейді. Құмалақты басқа, жүрекке және өкшеге деп үш топқа ыдыратады». (Т. Міштайұлы,


Скачать книгу
Яндекс.Метрика