Эротические рассказы

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес ОразбекұлыЧитать онлайн книгу.

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы


Скачать книгу
бұзылып, өңі қашып, жағдайы болмай тұр деген мағынада.

      БЕТІҢ ТІЛІНСІН

      «Империя болып ғасырлар бойы дамығандықтан, Хун ордасында қатаң тәртіп болған. Кімде-кім ұрлық қылса, әлде басқа бір қылмыс жасайтын болса, бұдан былай ондай істі жасамас үшін әлгі айыпты адамның бетін тілетін болған. Тілінген жер өмір бойы тыртық болып қалады, демек бір кезде жасаған қылмысы мен қиянаты бүкіл өмірінде көрініп жүреді. Ондай адам екінші қылмыс жасауға батылы бармайды, себебі келесі жаза – өлім. Сондықтан осы күнге дейін қазақ арасында ұрысқанда, қарғағанда „бетің тілінсін“ деп айтады. Міне, сол заманмен тікелей жалғастырып тұрған әдет-ғұрыптың бірі – осы». (С. Өтенияз, 84.48-б.).

      Ашу, ызалы жағдайда негізінен әйелдер тарапынан айтылатын сөз.

      БОЗДЫ ЖЕРДЕ БОЗ ЖЫЛҚЫ СЕМІРЕР

      «Боз от – бидайық, бетеге, қоңырбас, изен, ебелек, тағы басқа шабындық шөптердің жалпы атауы. „Бозды жерде боз жылқы семірер“ деген мақал осыдан шыққан. Бетегелі жондар, қауданды ойпаттар жылқыға қолайлы». (Ж. Әмірханова, 37.).

      Бұл мақалды «бозды жерде боз жылқы ғана семірер деп тура мағынада емес, жалпы жылқы малы бозды жерде семіреді, қоң жияды деп ұғу керек.

      БОЗҚЫРАУДЫҢ АМАЛЫ

      «Бозқыраудың амалы. Қазақ сөздігі бойынша „бозқырау“ деп, қара күзде ағащтың бұтақтарында, шөптің бетінде болатын қырбықты айтады. Қазан айының 20-21-лері шамасында күн райы салқындай бастайды. Бұл суықта алғаш рет көкті үсік шалып, су бетіне қаймақ мұз тұрады. Осы айдың 20-25-і шамасындағы қардың көрінуін „ұшқын“ деп атаған. Қыс ұзаққа созылатын жылдары қарашаның 4-5-інде қар түсіп, жатып қалады. Осы айдың 17-19-ы шамасында қай жылы болмасын жылымық болып, кейде жаңбыр жауатынын халық есепшілері күні бұрын ел-жұртты хабардар етіп отырған». (Г. Исаева, 9. 24—30.09.2015.).

      БОЙ ЖАСАДЫ

      Адамның қайтыс болар, үзілер алдындағы көңіл көтеріп, сергек қалыпқа түсуі.

      «…Өлген адамнан келер ешбір қауіп жоқ, тірі адамнан қорқу керек. Жаны ұшып кеткен марқұм тірілердің қамқорлығына мұқтаж болып қана жатады. Мен майданда өлімді көп көрдім. Өлімнің бетіне тура қарап жүрдім. Талай боздақтар көз алдымда жан үзді. Жаралы болып қансырап жатса да, алда өмірі бар адам мен татар дәмі таусылған адамның көзқарастары екі бөлек болады. Мен соны ұққан адаммын. Қазақта „бой жасады“ деген сөз бар. Көп адамдар бақиға аттанарда бір күн бе, бір сағат па, бір сәт пе – былайғы адамдарға тәуір бола бастағандай көрінеді. Мен ешқандай сәуегейлік жасаған жоқпын, ұқтың ба?..» (Б. Момышұлы.15. 318-б.)

      БОҚЫРАУ

      «Боқырау – күздің қар жауып, суық түсе бастаған кезі. Күздің бұл мезгілі Сары жұлдыздың (Есек қырған) көкке көтеріліп, жер-көктің суыта бастайтын, жер бетіне алғаш қырау түсетін кез. Мал аяғы қыстауға ілігіп, күйекке түсетін уақыт. Қазақстанның кейбір аймақ-тарында (Орталық, Оңтүстік облыстарда) бұл мезгілді „мал күйектейтін шақ“ деп те атайды». (Г. Исаева. 9. 24—30.09.2015.)

      БОЛАТ КЕЗДІК ҚАП ТҮБІНДЕ (ЖАТПАС) ЖАТПАЙДЫ

      «Бұл


Скачать книгу
Яндекс.Метрика