ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ. Кеңес ОразбекұлыЧитать онлайн книгу.
қарсыласты. Соған қарамай Спаргапистің сайланып шыққан қолы қалың жауды нөсердей жауған оқтың астында қалдырып, қоғадай жапырып жатты. Одан кейін олар жан-жақтан анталап, тікелей шабуылға шықты. Алдыңғы шептің бір бүйірінде Ер, Би, Нар да қайқы қылыштарымен олай-былай осқылап, аттарының кеудесімен екпіндей омыраулатып, парсыларды баса-көктеп таптап бара жатты. Ақыр соңында парсылардың қалғаны сақтардың жойқын шабуылына төтеп бере алмай, бас сауғалап қаша жөнеледі. Спаргапистің жеңіл атты әскері оларды өкшелей қуып, жаудың сау-тамтығын қалдырмай жайпап, қалған-құтқанын тұтқындап, кері оралады. Жеңістеріне масаттанған жауынгерлер дабыл қағып, кернейлетіп, енді біреулері ат үстінде өнерлерін көрсетіп, парсылардың қос тіккен тұрақтарына шат-шадыман күйде қайтып келе жатты. Парсылардың қосына таяй бергенде, кенет Би астынан су шыққандай тыпыршып, бауырларына былай деді:
– Ер, Нар! Садақтарыңды оқтаңдар! – деді бұйырып.
– Иә, неге?! – деп, аң-таң болған Ер, Нарға:
– Шарап көзелерін атамыз! – деді Би әудем жердегі қос арасындағы қаз-қатар тұрған көзелерге қарата садағын көздеп.
– Ә, иә! – деп, бауырлары түсіне қойып, олар да садақтарын көздеп, үшеуі бірінен соң бірі көзелерді дәлдеп атып, қирата бастады.
Әуелгіде не болғанын түсінбеген Спаргапистің жігіттері аңтар-ылып тұрып қалған. Ең алдымен Спаргапистің өзі есін жиды:
– Әй, сендерді жын ұрған ба?! Тоқтатыңдар бассыздықты! – деп ақыр-ған. Бірақ бауырлар оның айқайына тоқтаған жоқ, көзелердің бәрін жайратып салды.
– Әй, басбұзарлар! – деді Спарагапис ашу-ызадан түтігіп. – Егер жай күндері болса, менің бұйрығымды орындамағандарың үшін үшеуің де өлім жазасына кесілер едіңдер. Дегенімен, сендердің жанқиярлық ерліктеріңді ескеріп, жазаларыңды жеңілдетем. – Жанындағы жасақтарына қарап. – Үшеуінің де қару-жарақтарын жинап алып, аяқ-қолдарына бұғау салып, тұтқындап, үйқамаққа алыңдар! – деп ақырды.
– Дат, тақсыр! – деп Ер сөз сұрайын деп еді, Спаргапис:
– Жабыңдар ауыздарыңды! Көзіме көрсетпей тез алып кетіңдер бұларды! – деп, жасақтарына өктемдікпен бұйырды.
Жасақтар үш бауырды аттарынан жұлып алып, дедектете сүйреп, алып кетті.
– Ал, сайыпқырандарым! – деді Спаргапис сап түзеген әскеріне барлай қарап. – Сендердің жанқиярлық ерліктеріңнің арқасында бүгін шарапатты жеңіске жеттік. Жарайсыңдар! Енді сендерге жеңіс тойын тойлауға рұқсат берем. Парсылардың мол дастарқанын көріп тұрсыңдар ғой. Тойғанша ішіп-жеңдер, күліп-ойнаңдар. Тек, әтте-ең… – деп аз бөгеліп барып, сөзін қайта жалғады. – Бар шарапты әлгілер қиратып, төгіп, рәсуа еткенін қарашы! Амал нешік, енді өздеріңнің жанторсықтарыңдағы қымыз, шалап, шұбатпен ғана сусын басарсыңдар. Ал, жақсылап дем алыңдар! – деп, ер жүрек жауынгерлерін еркіне жіберді.
***
– Енді қайттік?! – деді қызуқанды Ер бауырларына қарап. – Біз парсылардың алдауына түсіп, қоршауда қалып, қырылатын бол-дық қой.
– Оларды қоршауда қалу қаупінен сақтандыратын тек біз едік, біздің