Эротические рассказы

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ. Кеңес ОразбекұлыЧитать онлайн книгу.

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - Кеңес Оразбекұлы


Скачать книгу
жатты. Осылайша бірнеше мың адам топ-топ болып бірінен соң бірі кіріп, парсының жаңғақтай мықты шымыр әскерінің быт-шытын шығарды. Кир шыдай алмай өзінің ең сенімді атты әскерін майданға жаудырды. Тұмар ханым да қыр астында жасырынып тұрған ұлы Спаргапистің қолын шабуылға шығарды. Біздің қаһармандарымыз Ер, Би, Нар да сол жасақпен бірге қылыш, алдаспандарын жарқыратып, парсыларды ығыстыра бастайды. Кир сақтардың барлық қолының айқасқа араласқанын көріп, ең мықтылардан құралған өз қолымен ұрысқа кірісіп кетеді. Тың күш сақтарды ығыстыра бастайды. Осы кезде Тұмар ханым бар дауысымен айқайлап:

      – Сақ елінің еркін арулары! Ар-намысыңды қорғайтын кезің келді. Біріңнің әкең, біріңнің жарың, біріңнің бауырларың мына қанды қырғынның ішінде жүр. Жанымыз олардан ардақты емес. Кіріңдер майданға! – деп ұран тастап, өзі солармен бірге майданға қойып кетеді.

      Ер-апалардың қан шайқасқа кіргенін көріп, сақ сарбаздарының намыс-жігері қозып, бұрынғыдан бетер жанталаса шайқасты. Содан Кирдің әскері жойқын күшпен кері серпіліп, қоғадай жапырылып жатты. Мұны көріп, шошынған Кирдің көзіне түнеу күнгі қөрген түсі қайта елес бергендей болды. Сонда ғана ол сол түстің бар мәнісін ұғынды. Ол түс Кирдің ажалына көрінген аян екен. Мұның тағына Ахемендер ұрпағынан тарайтын Дарийдің отыруы – соның көрінісі болып шықты. Кирдің көз алдына Хазар теңізінің буырқанысындай жойқын толқын елестеді. Сол толқын бара-бара екпін алып, қалың парсыларды баса көктеп келе жатыр еді. Дәл сол кезде қайдан пайда болғанын, Тұмар ханымның ұлы, ақ боз атты Спаргапис пен Ер, Би, Нар бастаған сарбаздар Кирдің алдынан шыға келді. Ер, Би, Нар патшаның оққағарларымен алысып жүргенде, Спаргапис Кирдің өзіне тұра ұмтылады. Кир мен Спаргапистің жанталасқан айқасы сүт пісірім уақытқа созылды. Сақтардың ұраны күшейіп кеткеннен алаңдады ма, әлде жас арыстанның айбатынан сескенді ме, атының басын кейін бұра бергенде, Спаргапистің алдаспаны Кирдің басын қағып түсіреді. Патшаларының ажал құшқанын көрген парсылардың одан әрі қарсыласуға дәрмені болмай, жапырыла ығысып, жан-далбасалап шегінді. Сақ жауынгерлері оларды түре қуып, жолдар-ында кесе көлденең жатқан Сейхунның кең дариясына топырлатып тоғытып, үстерінен жебе «нөсерін» жаудырды…

      Сөйтіп, Тұмар ханым мен оның ұлы Спаргапис бастаған ұлы сақ ордасы «Азия әміршісі» Кирдің үш жүз мыңдық қалың қолын қирата жеңіп. Ұлы жеңіс тойын тойлады. Сол тойда Тұмар ханым Кирдің кесілген басын ызалана түйреп тұрып:

      – Іздегенің қан еді, ал қанғаныңша іш ендеше! – деп, сабадағы шүпірлеген қанға найзаға түйрелген патшаның басын матырып —матырып алады да, әудем жерге жиіркене лақтырып жібереді.

      «Бұл – аңыз емес, тарихи шындық».

      Полиэн, «Соғыс тактикасы» кітабынан,

      б.з. б. II-ғасыр.

      Әскер жина сақтардан —

      Қанжармен қақ қапталдан.

      Жарылқасын аруақтар,

      Артсын арай, ақ таңдар!

      Тұлпарға туды байлаңдар,

      Садақтарды сайлаңдар!

      Сүңгіні


Скачать книгу
Яндекс.Метрика