ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ. Кеңес ОразбекұлыЧитать онлайн книгу.
әскері, жағдайы қалай?
– Халіміз нашар, – деді тұтқын еті қашқан жақтары қушиып. – Әскерлер болдырған, қажыған. Мына бас-аяғы жоқ тозақ шөлдің ыстық күніне қақталып, аңқамыз кеуіп қаталап келеміз. Бойынан әл-дәрмендері кеткеңдер жол бойы сүйретіліп, сұлап қалып жатыр. Шегірткедей қаптаған қалың әскердің жартысына жуығынан айырылдық. Қазір Дарийдің өзі жаңдалбасалап, не істерін білмей әлек. Жан-жаққа біз сияқты су барлаушыларын жібергенімен, олар да бір жұтым су таппай құр қол қайтып жатыр. Біз де соның біріміз, – деді көзі тұманытып.
– Жол бастаушы Шырақтың түр-келбеті, киген киімдері қандай?
– Оның басында – ақ киіз қалпақ, үстінде – шоқпыт шапан, бет-аузы тілік-тілік. Әскер-сарбаздардың арасынан бірден байқалады.
– Ал, бауырлар, – деді Би. – Мұны аяқ-қолын байлап, осында қалдырайық та, дереу іске кірісейік.
– Иә, іске кірісейік. Бүгінгі күн – Шырақтың басына қауіп төнетін күн. Оны өлім аузынан, парсылардан арашалап алуымыз керек.
Үшеуі әдеттегідей жұдырықтарын түйістірді.
***
Шырақ батырдың жол көрсетуімен келе жатқан парсылардың қалың қолы алдан көрінген биік жотаға сілікпелері шығып әрең көтерілді.
Жотаның биігінен айнала атырапқа көз салып еді, түстігі мен терістігі, шығысы мен батысы – төрт құбыласы түгел иен жатқан құлазыған даланы көрді. Қанша тінтіп тіміскілегенімен, айнала төңіректен өзен-көлдің белесін, елді мекен, адам тұрағының елесін де көре алмады. Мұны көргенде Дарий патшаның төзімі таусылып, жерге тізерлей шөгіп, көкке қарап қарғанды. Ал оның Ранасбат атты сенімді қолбасшысы қылышын қынабынан суырып, Шыраққа тұра ұмтылды. Сонда Шырақ оған тәкаппарлықпен қасқая қарап тұрып:
– Уа, жеңіс деген осы! – деп шаттана дауыстады. —Мен ата-бабалар-ымның жерін жаулап алғысы келген Дарий патшаның қанқұйлы қолын жалғыз өзім шөлге қамап, дымын құртып тұрмын. Сендерді жан-жақтар-ыңнан елсіз, сусыз ен дала, қу медиен қоршап тұр. Төрт құбылаларың бетпақ дала, қай жаққа жүрсеңдер де, елді де, суды да таппайсыңдар. Жеті күнге дейін шөл даладан көз ашпай-сыңдар, аптап ыстық пен шөл азабынан көресілеріңді көресіңдер. Ал менде ешбір арман жоқ. Кіңдігімді кескен туған жерімде қаным төгілетіні үшін, сүйегім осы арада жерленетіні үшін бақыттымын! – деді көздері ұшқын атып.
Ашуға булығып, қаны қарайған Ранасбат алдаспанын жарқ еткізіп, Шыраққа көзі қанталай қарады. Өздерін осындай бейшара халге түсіргені үшін, оған зәрлене қарап, табанда жеп қоярдай айбат шекті.
– Ә, қара құзғын, көресіні сенен көрдік қой! Бізді қинаған, адастырып қу шөлге әкеп тастаған бұл жауыздығың үшін өзің де қиналып өлесің. Мына тырбиған аяқ-қолдарыңды қазір шауып тастаймын, осы жерде өзің-ақ күнге қақталып, майың шыжып өлесің, – деп, алдаспанын көтеріп, Шырақты шауып тастамаққа ұмтыла бергенде, «Су-су! Дарий патшаға су әкеле жатырмыз, жол ашыңдар, жол ашыңдар!» деген дауыс шықты. Бәрі сол дауыс шыққан жаққа жалт қарап еді, қалың әскер екі жаққа қақ айырылып, бөшкелі арбамен су әкеле жатқан сарбаздарға жол берді.
– Дарий патшаға су әкелдік, – деді сарбаздар