Эротические рассказы

Жан коллекционері. Қара фэнтези. Алтыншаш КурманаеваЧитать онлайн книгу.

Жан коллекционері. Қара фэнтези - Алтыншаш Курманаева


Скачать книгу
ьской системе Ridero

      АЛҒЫ СӨЗ

      Кішкентай кезімде қолыма қалам алып ойнағанды жақсы көретінмін. Бірде дәптер бетін шимайлап отырған мені көрген анам: «Осы қыз суретші болады!» – деп менің болашағымды алдын ала жоритын. Адамның өмірі біркелкі жол емес, ойнақтап тұрған теңіздің толқыны емес пе? Менің өмірлік жолым мені мүлдем басқа арнаға әкелді. Ол – әдебиет және оның таңғажайып әлемі. Әдеби шығармаларды оқығанды жаным ерекше жақсы көреді. Әдеби кітапты көрсем болғаны, соны алуға құмартып тұрамын. Менің демалыс уақытымның басым көпшілігі кітап оқумен немесе кітап дүкенін аралаумен өтеді. Бір сөзбен айтқанда, мен кітапқұмармын.

      Мектеп қабырғасынан бері мені сансыз ойлар жиі мазалайды. Аялдамада автобус күтіп тұрған сәтте мен бір оқиғаның жалғасын ойымда құрастырып тұрамын. Ол ой менің қолыма қалам алуыма түрткі болады. Кейде түсімде жаңа оқиғаның сюжетін көріп, оянып кетемін. Түсімде көрген жайттар мен күндіз басымнан кешірген оқиғалар менің кітабымның бір бөлігіне айналады. Осылайша, мен қолыма қалам тарттып, кітап жазуға кірісемін. Кітап дегенім артық болар, ойымды қағазға түсіремін дейін. Өйткені, мен әлі өз жанрымды дөп басып айта алатындай мықты жазушы емеспін. Мен бар болғаны өз ойымды дүйім көпшілікпен бөлісі білетін автормын.

      1

      Қойма. Тастай қараңғы бөлме ішінде Адақ атты қарт бір-бірлеп сөрелерге жан салынған құтыларды қаз қатар қылып қоюда. Оның жанында шаң басқан сөрелердің бетін сүртіп, әкесіне жан салынған құтыларды алып-беріп отырған жалғыз ұлы Қалтарыс бар. Жасы елуге тақап қалған қарттың бар ойы құтылардың амандығында. Оның ойынша, құтылар қауіпсіз жерде сақталынса, Зұлмат әлемі де қауіпсіздікте болады. Сондықтан, құтыларды барынша күтіп-баптап сақтау қажет екендігін қарт Адақ ұлына тәптіштеп түсіндіруде. Ұлы оны түсінбесе керек. Қалтарыс байқаусызда бір құтыны жерге құлатып ала жаздады. Абырой болғанда, әкесі Адақ дер кезінде сиқырлы таяқшасын қолға алып, ол құтынының өмірін аман сақтап қалды. Құтының дәл өзінің жанында сиқырлы дуа көмегімен қалқып тұрғанын көрген Қалтарыс аң-таң болып, әкесіне қарады. Адақ құтыны өз орнына апарды да, сиқырлы таяқшасын қалтасына салды. Ол құтыларды орны-орнына қоюды жалғастырды. Қалтарыстың сиқырлы таяқшаны көруі оның болашаққа деген мақсатын өзгертті. Қалтарыс әкесінің жаду әлемі мен сиқыршылар туралы әңгіме тарқатуын ұнатпайтынын білсе дағы, бәрібір, одан бұл жайында ақпарат алуға бел буды. Ол әкесіне сұрақтарды жаудырып қоя бастады. Әкесі үндемеді. Адақ сатыдан абайлап түсіп, жерге тұрды да құтылардың бар-жоғын түгендей бастады. Қалтарыс өз дегенінен қайтпады. Баяғы тұжырымын қайта қозғады. Әрине, әкесінің ашуланатынын ол жақсы білді. Бірақ не болса дағы, өз мақсатына жетудің жолын ұйымдастырды. Ол «жаду боламын!» деп өз алдына нық мақсат қойды. Адақ ұлының ішкі ойын сезді ме, кенет, ұлына жалт бұрылып қарады да:

      – Сенің анаң осы жадулардың қолынан қаза тапты! Сондықтан, мен сенің жаду болуына ешқашан өз келісімімді бермеймін! Ал егер көнбесең қара батамды аласың! Қара бата қарғыс шақыратынын ұмытпағайсың! – деді нартайланып.

      Қалтарыс басын төмен түсірді. Шамасы, өз ісіне ұялса керек. Қалтарыстың анасы Бағира Нарттайқызы ұлы жадулар күресінде көз жұмған. Қалтарыс анасынан айырылған кезінде небәрі үш жарым жаста еді. Содан бері ол ананың махаббаты мен қамқорлығы дегенді түсінбей келеді. Әкесі Адақ ешқашан баласын еркелеткен емес. Қайдан еркелетсін? Адақ балажан ба еді? Әлде кеңпейіл ме? Жоқ. Адақ нағыз қаталдық пен қатаңдықтың нышаны. Оның өң бойынан ешқашан жылулық сезілген емес. Әрі түрі де сұсты. Мінезі тастан қатты, қоладан тығыз болардай Адақ қандай қиындықты өткерді деулеріңіз мүмкін. Бәлкім, әйелінің ауыр қазасы әсер еткен шығар. Әйтпесе, Адаққа Бағираның көңілі тартпас еді. Балдаурен шақта Адақ қандай жомарт еді. Ол қыз балаларға қызғалдақ сыйлап, әлсіздерге демеу болатын. Оның түбегейлі өзгеруіне жадулар соғысы қатты ықпал етті. Жақынының көз алдында шаһит болуын көруден арттық ауыр жаза бар ма?! Сол күні Адақ өзінің өткен шағымен бірге мәңгі сөңді. Оның сұлу да сымбатты бейнесі мәңгіге өшті. Адақ зұлым жан коллекционеріне айналды.

      2

      Жаны қатыгез жадудың түр келбеті де сұрықсыз болады екен. Адақтың түр-сипаты жауыздық атаулы образдардан асып та тасып та түсті. Қанішер Адақты бүкіл жалмауыз атаулы елді-мекен мадақтады. Әр жексенбі сайын Адақтың үйінде: Жезтырнақ, Кеңаяқ, Сөрел, Жалмауыз кемпір, Жын, Мыстан, Ағайынды дәулер мен басқа да зұлымдар жиналды. Осылайша, Адақ өз үйін жалмауыздарға арнап мейрамханаға айналдырды. Күллі жер жиһандағы жалмауыздар Адақтың қонақүйінде қоныстанды. Адақ тек атақты жан колекционері ғана емес, «Жалмауыздар қонақүйінің» (Зұлмат әлеміндегі әйгілі қонақүй. Аталмыш үйге тек қанішерлер мен зұлымдар келуге құқылы) мықты бастығы атанды. Жыл сайын жүз мыңдап қонақүйге зұлымдар келді. Тіпті кейбір жалмауыздар өздерінің «Зұлматтық курстарын» (Жауыздардың кәсіби зұлым болуды үйрететін курстары) өткізіп, зұлым-бизенесмендер атанды. Адақ тұрған қонақүй – нағыз зұлматтардың құрылтайына айналды.

      Міне, бұл оқиғалардың бәрі ертегілер елінен жалмауыздардың бөлініп шығуына әкелді. Қазіргі таңда зұлымдар өздерінің жеке «Зұлмат» атты елді-мекенінде тұрады. Зұлмат әлемі таза жауыздар тұратын аймақ. Аталмыш елдің


Скачать книгу
Яндекс.Метрика