Эротические рассказы

Жан коллекционері. Қара фэнтези. Алтыншаш КурманаеваЧитать онлайн книгу.

Жан коллекционері. Қара фэнтези - Алтыншаш Курманаева


Скачать книгу
көз алдына еміс елестеді. Дабыл ағасы болмағанда, Қалтарыс әкесінің сүйікті ұлы болар ма еді? Жоқ, Адақ бәрібір оны елемес еді. «Әттең! Әкем мені елегенде ғой!» – деп Қалтарыстың көзінен маржан болып жас тамшылар жерге ақты. Қалтарыстың көз жасы биік қамалдың бетінде тасты жарып өсіп тұрған түймедақ гүліне түсті. Қалтарыс қалың тастың ортасында тіршілік еткен түймедақты байқамады. Ол сырттан: «Әй, Қалтарыс! Қонақүйге келген қонақтарды қарсы алсаңшы!» – деп шаңқ етіп айғалаған өзінің өгей мыстан апасының дауысын естіді. Қалтарыс: «Иә, апа! Қазір келемін», – деді де жұлдызды аспанға тағы да бір көз салды. Кенет ол қонақүйдің алдына тұрған арбаны байқады. Биік қамалдан алысқа көз шалған Қалтарыс бір сұлу қыздың арбадан шыққанын көрді. Белі шыбықтай, шашы бұрым, аппақ өңді қыз қамалға кіріп жатыр екен. Қалтарыс дереу ішке кірді. Ол қамалдың сатыларынан жылдам жүріп өтіп, бірінші қабатқа түсті. Әлгі қыз үлкен қара ілбіс мысығымен ішке кіргелі жатыр екен. Кенет Қалтарыс қонақтарды қабылдайтын, тіркеу бөлімінде еңбек атқаратын Дабылдың жоқтығын көрді. «Әдетте, өз орнында тапжылмай тұратын Дабыл ағам қайда кетті екен», – деп Қалтарыс оның орнына барып тұра қалды. Қалтарыс Дабылдың кішкене айнасын алып, өзінің тарақтың тісі батпайтын шашын дұрыстады. Көзді ашып жұмғанша дәл жанына әлгі қыз да келіп үлгерді. Қыздың жанында өзі алыстан көрген үлкен қара ілбіс бар екен. Қара мысықтың мойнына ешнәрсе тағылмағанын көріп, Қалтарыс біраз жұтынап қойды. Қыз Қалтарысты байқап, оған: «Қорықпа! Мысығым ешкімге тиіспейді! Ал егер қорықсаң, ол саған атылады!» – деді. Қалтарыс қалтырай түсті. Ол біресе қызға, біресе, мысыққа қарады. Қара мысық: «Мяу», – деп ауызын аңқита ашты. Дәу мысықтың ақ тістері ақсиып көрінді. Қалтарыс дірілдеп-қалшылдап тіркеу компьютерінен қыздың тегі мен аты-жөнін іздеді. Ол қыздың ныспысын сұрады. Қыз оған: «Мен Алтынмын. Қара ниеттілер еліндегі (Зұлмат әлемінен бөлек елді-мекен) атақты Қарабай байдың қызымын», – деді. Қалтарыс компьютер экранына шыққан қыздың тегін көріп, ондағы мәліметтерді оқыды да: «Олай болса қош келдіңіз! Сіздің бөлмеңіздің кілті!» – деп оған мың бірінші бөлменің кілтін ұсынды. Алтын кілті қолға алды да, жеделсаты тұрған жерге қарай аяңдады. Оның артынан қара ілбіс мысық ерді. Қалтарыс қыздың жеделсатыға кіріп бара жатқандығын сәтін соңғы минутына дейін тамашалады. Бір кезде оның арқасынан біреу қағып жіберді. Қалтарыс өз иығын ұстап, селк етті. Ол артына жалт бұрылып қарады. Дабыл тұр екен. Дабыл Қалтарыстың жауабын күтіп тұрған сияқты. «Әәә. Енді мен», – деді Қалтарыс оған жымия қарап. Дабыл бәрін түсінгендей, өзінің жұмысын істеуді жалғастырды. Қалтарыс ағасының жұмыс орнынан шығып, оған қарады да: «Мен жалықтым! Күнде бір құбыжық, не болмаса, ханшайым өзінің жануарын ертіп келеді! Әне бүгін қара ілбіспен келді! Ал кеше бір ханшайым арыстанмен келген! Менің жанымнан жан қалмайтын шығар», – деді. Дабыл бәрін мұқият тыңдап тұрды. Ол компьютерге бір нәрселерді тіркеп жатыр. Қалтарыс әңгімесін аяқтап, қонақүйдің есігіне
Скачать книгу
Яндекс.Метрика