Эротические рассказы

Өмір – сынақ. Анар МешимбаеваЧитать онлайн книгу.

Өмір – сынақ - Анар Мешимбаева


Скачать книгу
тең жартысы жылы Алматыдан желі аңырап тұратын Астанаға көшкісі келмеді. Біржан күн сайын тізімдеп алған міндеттерін нақтылап алуға кіретін.

      Менің мәскеулік ауқымды мәселелерді шешу тәжірибемнен кейін бәрі тез әрі тиімді шешілуі керек болатын. Жалпы екі күнде бітіруге болатын нәрсені не үшін екі аптаға созатындарды мүлде түсінбеймін. Жұмысымыздың нәтижесі БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комитеттің Статистикалық департаментінің Жаһандық бағалауында көрсетілген. Қазақстанның Статистика агенттігі өзге елдер он жылға созатын реформаны небәрі 2,5 жыл ішінде жасады. «Бағаланды», әрине, сын да айтылды. Бірақ, мен сол бағалауды ашық түрде ЕЭК және біздің Агенттіктің веб-сайттарында жариялап қоюға рұқсат бердім. Посткеңестік аймақта мұндай есепті ашық жариялаған бірінші ел болдық. Осы ашықтық кейін өзге елдердің де осы тектес есептерді ашық жариялауына түрткі болды.

      Міндет тым ауқымды болып кетсе, Біржан орнынан тұрып: «Мен өз-өзімді атуға кеттім», – деп шығып кететін. Бірақ, бір қызығы сол міндеттерді мен көрсеткен мерзімде бітіріп үлгеретін.

      Ол менің барлық тапсырмамды бұлжытпай орындайтын. Өзінікін ойлап табатын. Өңірлерден перспективалы қызметкерлерді тауып алатын. Департаменттермен қызу жұмыс істейтін. «Электронды» деп басталатын мәселенің бәріне жауапты болды. Қызметкерлерге спорттық демалыстар ұйымдастыратын. Отбасының ұйытқысы еді. Келіншегі де өте белсенді болатын. Екі кішкентай ұлы болды. Әйелінің қолы бос болмай қалса, балаға өзі қарайтын. Кейде жұмысқа ертіп әкелетін. 2009-жылы мамырда дүниеге қызы келді. Бүкіл Агенттік қуанып, сүйінші сұрасқан.

      Тұтқындау

      Маусымда Біржанды қамады.

      Тергеу Біржан менің көңілдесім болды деген сөзді шығарды. Ақылға қонымсыз. Қолдарында – бүкіл әңгімеміз тыңдалған, аңдылған мәліметтер бар. Мұндайды қалай ойлап тапқаны түсініксіз.

      Егер қызметкерлер бір команда болып жұмыс істеп, бір-бірін қас-қабақтан түсінсе, қолдаса – ендеше мекеме тиімді жұмыс істейді деген сөз. Басқа түк те емес.

      Біржанның келіншегі оны тұтқындаған соң қоғамдық қорғаушысы болып рәсімделді. Оны күнде көру үшін, қорғауды өзі ұйымдастыру үшін солай етті. Балаларына әкесі оқуға кетті деп айтты. Балаларына айтпай, өзі күйеуіне түрмеге қажетін тасыды, лагерьге де барып тұрды.

      Мені Агенттікке тағайындаған соң Біржан екеуміз қызметкерлердің дені жұмыс істеп жатқан Алматыға бардық. Агенттік ғимараты сұп-сұр, суық еді. Қызметкерлерге жиналысты бірінші қабаттағы холлда жасауға мәжбүр болдық. Статистиканы дамыту үшін қандай стратегияны жүргізетінімізді айттық. Сосын барлық кабинетті араладық. Бір бөлмеде шаң басқан сөреде дискілер жатты.

      – Бұл не?

      – Статистика. Көп жылдан бері жиналған мәліметтер.

      – Қалай статистика? Өрт шықса ше?

      Үнсіздік.

      Қайтар жолда деректерді бұлай сақтауға болмайды деп шештік. Келесі жылы Агенттікке IT-қауіпсіз бөлмесін сатып алдық. Оны жасақтаған соң төртінші қабатқа көруге


Скачать книгу
Яндекс.Метрика