Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес ОразбекұлыЧитать онлайн книгу.
жинағынан біз бәйтерекке қатысты тоғыз рет қайталанатын трафареттік сюжетті есептеп шығардық. Сол сюжеттер бойынша бәйтеректің образын аз да болса жинақтап көрсетуге болады.
Біріншіден, бәйтерек ғаламның орталығы болып табылатын киелі жерде, киелі бұлақ қасында орналасады. Ол үш дүниені жалғас-тырушы, төбесі – аспанда, тамыры – жер асты дүниесінде орналасқан. Екіншіден, бәйтеректің екі полюсінде алып қарақұс пен жылан – айдаһар бар, олар дуалистік қарама-қарсылықтың тұлғалануы болып табылады. Үшіншіден, бәйтеректің түбінде белгілі бір мифтік – киелі процесс өтеді, бұл – шамандыққа байланысты. Осы жерге батыр келіп жыланды өлтіріп, қарақұс балапандарын құтқарады, сол еңбегі үшін қарақұс батырды басқа дүниеге өткізеді. Бұл тұрғыда бәйтерек – ғаламдардың есігі болып табылады. Бәйтерек ғаламдық ағаш ретінде басқа мифтік дәстүрлерде де тараған. Мысалы, скандинав мифінде осындай ағаш Иггдрасиль, саха – якуттарда пайқайың деп аталады. Бәйтерек сөзінің этимологиясы бәй – «байырғы, түпкі, алғашқы, бірінші», терек – «тіріг» сөздерінен құралып, «өмір беруші», «алғашқы өмір» дегенді білдіреді.
Балама атаулары – дарақ, дарау, дара». (С. Қондыбаев, 62.18-19-б.).
Қазіргі кезде бәйтерек ұғымы – мықты діңгегіміз, тірегіміз, ұйытқымыз деген мағынаны да береді.
БӘЛЕДЕН МАШАЙЫҚ ҚАШЫПТЫ
«Бәледен машайық қашыпты». Бұл арадағы машайық сөзі араб тіліндегі «шейх» -тің көпше түрі. Ал машайық «қарт, қария» («Арабско-русской словарь». М., 1962, 533-бет). Өзбек тілінде машойих – «дін қызметкері», қырғызша машайық – «тақуа, дін тәрбиесін ұстаушы (адам)». Қазақ тілінде де сол мағыналарды және «әулие-әнбиелер жерленген көне мазарлардың шырақшысы, күтушісі» деген мағынаны (қар. Ш. Уәлиханов. Шығ., 129) білдіреді. Белгілі диалектолог ғалым Ж. Болатов Семей облысының Абай, Шұбартау аудандарында шайқы – «қожанасыр кісі», «алаңғасар», шайқы мінез тіркесі – «мінезі шәлкес, қияңқы» дегенді білдіреді деп көрсетеді. (Ә. Керімов, 51.).
Бұл мәтел біреуге тиіскісі кеп, түртіншектеп жүретін қияңқы, көп сөзді мылжың, пәлеқор адаммен айтысып-тартысып жатудан гөрі, көзіне көрінбей, қашып құтылған абзал деген ауыспалы мағынаны білдіреді.
БЕЗІ ЖОҚ ЕШКІ ПЫШАҚТЫ ТАБАДЫ
«Бабаларымыз малдың күйлілігін сауырына, бауырына, жауырына қарап айырған. Жай уақытта ешкінің семіздігін айыру мүмкін емес. Оны ешкі бағушы шекшектер жақсы білген. Ешкінің бұғасында екі безі болады. Жай уақытта ол көзге көрініп тұрады. Ал мал семіргенде қолдың жұдырығындай майға көміліп кете барады. „Безі жоқ ешкі пышақты табады“ деген мәтелдің тура мағынасы осындай». (Т. Майбас, 31. 25.06.2014.)
Безі жоқ семіз, қоңды ешкі соғымға кетеді, союға жарайды деген мағынаны береді.
БЕЙШАРАНЫ ЖҮНДЕЙ САБАПТЫ
«…Киіз басу дегенің үлкен бір мереке болатын. Әуелі ауылдың қыз-келіншектері киіз басатын үйге жүн сабауға жиналады. Әрқайсысының қолында жіңішке қатқан ырғайдан не тобылғыдан алынған екі сабау болады. Ортаға тері тулақты төсеп, үстіне бір құшақ күзем жүнді