Эротические рассказы

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес ОразбекұлыЧитать онлайн книгу.

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы


Скачать книгу
бар тілімізде. Ал сондай-ақ осыған байланысты халқымызда «Жалғыз ағаш пана болмас, жалғыз бие саба болмас», «Бес биенің сабасы, бес күн саусаң толмайды, жаманды қанша мақтасаң, жақсылардай болмайды» деген мәтел болса, Бұхар жырау: «Бәйбішеге жарасар еміздіктеген сабасы, келіншекке жарасар емшектегі баласы», – деген екен. (Д. Шоқпарұлы, 9.).

      БЕС ЖАҚСЫ

      Бес жақсы – қалыңмал немесе кісі құны ретінде төленетін дүние-мүліктің, малдың ең бағалы, басты деген бес түрі. «Бес жақсыны» кейде «бас жақсы» деп те атайды. Бұл «жақсылардың» түрі әр жерде әр түрлі: бір жерлерде оған нар түйе, жүйрік ат, қалы кілем, алмас қылыш, бұлғын ішік енсе, екінші бір жерде түзу мылтық, берік сауыт, бәйге аты, малдағы артық түйе және бір сырт киім жатады. Кейде мұндай жақсы аттар болмаған жерде әр жақсының орнына төрт ірі қараны немесе келісім бойынша басқа малды да, бұйымды да атаған…

      *Саба – жүнін қырқып, ысқа салып, жылқы терісінен жасалған қымыз ашытатын ыдыс.

      БЕС ТАҢБАЛЫ ҚЫПШАҚ

      Орта жүз қыпшақ тайпасының құрамындағы ұзын, торы, көлденең, бұлтың, қарабалық руларынан өрбіген ұрпақты жинақтап, «Бес таңбалы қыпшақ» деп атайды. Шежіре дерегі бойынша Қыпшақтан – Сүлім алып, одан – Көбек алып, одан – Мүйізді, одан – Сары абыз, одан – «бес таңбалы қыпшақ» атанған Ұзын, Торы, Көлденең, Бұлтың, Қарабалық туған.

      Шежіре дерегінің келесі бір нұсқасы Қыпшақ – Атансопы – Құл-ан-қытай – Сүлім алып – Мүйізді Сары абыз – Тоқтарбай – Қобылан-ды – Бөгенбай – Қаншошай – Қарадөң – Қарамерген деп келеді де, осы Қарамергеннен бес таңбалы қыпшақты өрбітеді. Бұл деректегі адамдардың басым көпшілігі қазақ фольклорындағы (жыр, ертек, аңыз) белгілі кейіпкерлер екені назар аударады». (А. Сейдімбек, 93. 434-б.)

      БЕСҚОНАҚ

      «Белгілі бір жұлдыздың батуынан келесі жылғы батуына дейінгі уақытты олар (есепшілер) бір жыл деп алды. Бұл аралықта 365 күн болатынын есепшілер жақсы білді. Осындағы 360 күнді шартты түрде 12 айға бөліп, әр айда 30 күн болады деп белгіледі. Қалған 5 немесе 6 күнді он екі айға қоспай, балақ күн немесе бесқонақ деп атады». (М. Ысқақов, 104. 220-221-б.).

      Бесқонақ жұлдыздар ауысар кезде өтетіндіктен, бір күн боран, бір күн сырғыма, қатты жел болып, ауа райы құбылып тұрады. Сол себепті бесқонақ кейін келе амал атына айналып кеткен.

      Қыс пен жаздың қақ ортасындағы (17—21 – наурыз аралығы) «түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» болып тұрып алатын «бесқонақты» есепшілер «Жуанның жіңішкерер, жіңішкенің үзілер тұсы» деп түсіндірген. Қазақ бұрын осы өлараны өткізбей жолаушы жүрмеген, көшпеген, жиын-той жасамаған, мал сойып, қонақ шақырмаған.

      БЕС ТОҒЫСТЫҢ БЕТ ЖУАРЫ

      «Наурыздың соңында шаруаға жайлы жағдай туғызар 5—10 күндік жауын-шашынды амал – Бес тоғыстың бет жуары. Бұл ай – ит шуақ, кемпір шуақ, ескек желді ай. Наурызда Үркер туа таң атады». (Ж. Кейкін, 42.).

      БЕСІКСІЗ ҮЙДЕ БЕРЕКЕ ЖОҚ

      Бұл – баласыз үйде береке жоқ дегені.

      «Қай халықта да жұбайлар отбасын құрған соң, олар баласы


Скачать книгу
Яндекс.Метрика